Газ бармаған жеті-ақ ауыл қалды

Бүгінгі таңда Төлеби ауданындағы 55 елді мекеннің 48-і толық табиғи газға қосылған. Қалған Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Қасқасу, Жоғары Қасқасу, Керегетас және Кеңесарық ауылдары да көп ұзамай «көгілдір отын» тұтынатын болады.

Сондай-ақ, Достық елді мекеніндегі Астана көшесі, Киелітас елді мекеніндегі Қарауылтөбе және Қорған көшесі, Қарақия елді мекеніндегі Қарақия көшесінің тұрғындары жуық арада табиғи газдың игілігін көрмек.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде. Биыл газ құбыры тартыла бастайды, ал, келесі жылдары пайдалануға беріледі. Осылайша тау етегіндегі Төлеби ауданының ауылдары көп ұзамай газбен толық қамтамасыз етілмек.

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз