Жүзге жақындаған әжей құжат алды

Полицейлер құжат рәсімдеуге көмектесті

Түлкібас АПБ көші-қон қызметі тобының аға инспекторы, полиция майоры Нұрман Шыңғысбаев жүзге жақындаған тыл ардагері Вера Стрюковскаяның үйіне барып, төлқұжатын қайта рәсімдеуге көмек берді.

Ардагер әженің ұлы полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

-Карантин режиміне байланысты полицейлер анамыздың төлқұжатын үйге әкеліп берді. Түлкібас ауданының полицейлеріне үлкен алғысымды білдіремін, - дейді.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Пікір қалдырыңыз