Мақтаарал: бәрі де жоспарға сай

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданына барып, жаңадан салынып жатқан баспаналардың құрылысымен танысты. Сапар барысында өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, олардың көкейдегі мәселелерін тыңдады.

Жалпы, көлемі 1256 гектарды құрайтын Өргебас елді мекенінде 209 үй орналасқан. Жалпы, бүгінгі таңда 194 үй сырылып, 194 үйдің іргетасы құйылған. 185 үйдің қабырғалары қаланып, 140 үйдің шатыры жабылған.

Ал, Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Фирдоуси елді мекенінде 305 үйдің аумағы тазартылып, 305 үйдің іргетасы құйылған. 298 үйдің қабырғалары қаланып, 255 үйдің шатыры жабылуда.

Өмірзақ Естайұлы бұдан соң Мырзакент кентіндегі бірдей үлгіде салынып жатқан 386 үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда мұнда 241 үй тапсырылуға таяу. Сондай-ақ, жаңадан құрылған шағынауданда мектеп, балабақша, медициналық амбулатория және полиция пункті салынуда.

Облыс әкімі бұдан басқа Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдоуси елді мекендеріндегі 2 мектептің құрылысын тексерді. Мұнда ғимараттар толық күрделі жөндеуден өтіп, жылыту қазандығын табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 400-ге жуық үйдің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Жоспар бойынша барлық үйдің құрылысы қазан айының соңына дейін толығымен аяқталады деп күтілуде.

 

 

Пікір қалдырыңыз