Балаларға – базарлық

Шымкент қаласындағы 10216 әскери бөлімінде «Мектепке жол» акциясына орай қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Олар мүмкіндігі шектеулі балалар мен көп балалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндерді ұжымға шақырып, әрқайсысына оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыс етті. Бөлім командирі, полковник Орынбасар Жұбанов балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, оларды сапалы білім алуға шақырды. Шара соңында бүлдіршіндер әскерилердің асханасынан дәм татты.

Д.ЖҮСІПОВ.

 

 

Пікір қалдырыңыз