ҚИЫН КҮНДЕР АРТТА ҚАЛДЫ



Елімізде эпидемиологиялық ахуал біршама жақсарып келеді. Қазір елімізде вирус жұқтырғандар саны азайды. Бұл елдің ортақ қуанышы, ортақ жеңісі. Десе де жағдай жақсарды екен деп босаңсуға да болмайды. Дерттің беті толық қайтқан жоқ. Қайта күш алып кетуі мүмкін екенін мамандар жоққа шығармайды.
Ел Үкіметінің тапсырмасымен карантин талаптары жеңілдетілді. Халық біртіндеп қалыпты өмірге келе бастайды. Бұл қуантады әрине.
Елдің еңсесін тіктеп, тұралап қалған салаларды жандандыру кезек күттірмейтін мәселе болуы тиіс. Әсіресе, экономика, кәсіпкерлік саласы аяқтан тұрып, тезірек оңалуы керек. Елдің негізгі тірегі саналатын экономикаға бар күшті салған артықтық етпейді.
17 тамыздан бастап карантин шектеулері жеңілдетіледі. Бірқатар нысандар жұмысын қайта бастамақ. Алайда санитариялық талаптар сақталуы керек. Бұл халық денсаулығы үшін маңызды рөл атқарады.

Бағдәулет АНАРБАЕВ,
ХҚТУ студенті.
Пікір қалдырыңыз