Күнделікті өсім 4-тен 2,1 пайызға дейін азайды

«Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары арқылы COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 2,1%-ға дейін қысқарды» деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Сонымен бірге, коронавирустан сауыққан науқастар үлесі 60%-дан асқан.

«Біз COVID-19 ауруын біртіндеп азайтып келеміз. Енді бірреттік медициналық үш қабатты масканың бөлшек сауда бағасы 85 теңгені құрайды. Қыркүйек айына дейін алғы шептегі қызметкерлер үшін жеке қорғаныс құралдарының резерві құрылды. Қосымша 41 млн. маска, 27 млн. қолғап, 379 мың қорғаныш костюм және 1,2 млн. ПТР-тест сатып алынды» деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта зертханалардың өткізу қабілеті жедел қарқынмен артып келеді. Тәулігіне 32 мың тест өткізе алатын 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды. 1 тамызға қарай өткізу қабілеті тәулігіне 35,6 мың адамға, 1 қыркүйекке дейін тәулігіне 64 мыңға адамға дейін жетеді.

«Қазіргі уақытта инфекциялық және емдеу стационарларында 1 958 өкпені жасанды желдету аппараты бар, әкімдіктермен бірлесіп 4 183 қосымша аппарат және пациенттерді оттегімен қолдауды қамтамасыз ету үшін 21 мыңнан астам оттегі концентраты мен медициналық газбен жабдықтау жүйесі сатып алынды. Осылайша, қабылданған кешенді шаралар медициналық көмектің сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді» дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

 

 

Пікір қалдырыңыз