АУЫЗБІРШІЛІГІМІЗ БЕН ҚАУІПСІЗДІГІМІЗ МАҢЫЗДЫ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев əлемде болып жатқан пандемияға қатысты халыққа арнап телеарнадан Үндеу жариялады. Бұл Үндеу ел ішінде өршіп кеткен қауіпті індеттен зардап шегіп отырған халыққа үлкен күш береді деп ойлаймын. Бүгінде елдің көңілі елең-алаң шақта тұр. Президентіміз халықты сабырға шақыра отырып, бұл дертті жеңіп шығатынымызды айта келе, ауырып жатқан науқастардың тезірек жазылып кетуіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, тұрғындардың қауіпті індетпен күресуді жалғастыра отырып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды. Өз жақындарына жанашырлық таныту керектігін жеткізді. Ел ішінде өршіп тұрған коронавирусты ауыздықтау бойынша барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Бұл үшін тиісті сала мамандарымен қатар, дәрігерлер мен құқық қорғау қызметкерлері аянбай қызмет етуде. Әсіресе, халық арасында жалған ақпараттар таралып, елдің көңіл-күйін түсіретін жайттар орын алуда. Бұл мәселелердің түп-төркіні сараланып, тиісті мамандармен бірігіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тағы бір қынжылатын нәрсе, ел ішінде əлі де қамсыз жүргенгендер көп. Санитарлық нормалар сақталынбай, тұрғындар әлі де болса қамсыз жүр. Сондықтан да айналамызда болып жатқан жайттарға немқұрайлы қарамай Мемлекет басшысы айтқандай, елдің болашағына жауапкершілікпен қарайтын уақытта бәріміз бірігіп, денсаулығымызды күтіп, үйден шықпай, жақындарымызға жанашырлық танытайық. 
Сонымен қатар, жұқпалы аурулардан жан тапсырған отандастарымызды еске алу үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны да ел Президентінің көрегенділігі болар. Қара жамылып отырған отбасылардың қайғысына немқұрайлы қарамай, барлық жағдайда елмен бірге екендігін білдіргені біздің жүрегімізді жылылыққа бөледі. Халықпен əрдайым бірге екенін білдірді. Сын сағатта халықтың ауызбіршілігі мен қауіпсіздігі, денсаулығы бәрінен де маңызды.
 
Әділ ЫСҚАҚ,
Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
Пікір қалдырыңыз