Дәрігерге көрсетілер құрмет толастамайды

Құрметті ақ халатты абзал жандар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен – медицина саласының қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Адам өмірінде айрықша орын алатын мамандықтың бірі әрі бірегейі – медицина мамандығы. Жаны алқымына тығылған әрбір адамның қайта қалыпты өмір сүруіне толыққанды мүмкіндік туғызатын медицина қызметкерлерінің қоғамдағы орны ерекше. Ендеше, оларға көрсетілетін құрмет те бір сәтке толастамауы тиіс.

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық сақтау саласын дамыту, адамдарды заман талабына сай сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. Осы орасан зор мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қоғамдағы әрбір жанның сау-саламатта әрі сапалы өмір сүруіне жағдай жасау – сіздерге артылған зор міндет.

Әсіресе, бүгінгідей кезеңде қауіптің қайнаған ортасында жүрген сіздерге аса ауыр жүк артылып отыр.

Дүниені дүрліктіріп, әлемді әбігерге салған коронавирус инфекциясының кең таралуы – медицина мамандарына деген халықтың ықыласын, сенімін еселеді.

Түркістан облысы қатерлі індетпен күресу жолында едәуір жұмыстар атқаруда. Дәрігерлер қауымы ауруханадағы науқастардың өмірі үшін күресіп қана қоймай, әр облыс, қала аумақтарының шекараларына қойылған блок-бекеттерде де тік тұрып қызмет көрсетіп жатыр.

Бүгінгі кәсіби мерекелеріңізде осы еңбектеріңізге Түркістан облысы жұртшылығының атынан алғыс білдіреміз.

Сіздердің тәжірибелеріңіз бен білім-біліктеріңіз, шыдамдылықтарыңыз бізді бұл қиындықтан да аман алып өтеріне сеніміміз мол.

Жұмыстарыңызға береке, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Ізгі ниетпен, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев,

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Балабиев.

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз