АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ – ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ

Төтенше жағдай режимінің күші жойылғанымен, COVID-19 инфекциясының таралу қаупі әлі де бәсеңдемей отыр.

Құрметті тұрғындар!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ел аумағында 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланып, кейін ол 11 мамырға дейін созылғаны белгілі.
Осыған байланысты, барлық мемлекеттік және жеке ұйымдар секілді сот ғимараттарына да азаматтардың келуі шектелді. Барлық өтініштер мен талап қою арыздары Сот кабинеті арқылы, яғни электронды форматта қабылданды.
Төтенше жағдай режимінің күші жойылғанымен, COVID-19 инфекциясының таралу қаупі әлі де бәсеңдемей отыр. Соған орай карантин мерзімі де ұзарды. Алайда, азаматтарды толғандыратын, шешуі кезек күттірмейтін, тез арада жауабын алуды қажет ететін мәселелер жинақталып қалды. Осыны түсіне отырып, азаматтарды күнделікті, бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимде қабылдау туралы шешім қабылдадым.


Қабылдауға алдын ала жазылу үшін 8-707-362-37-27 телефон/WhatsApp нөміріне хабарласуларыңызға болады.

 

Талғат БАРАТБЕКОВ,

                                                                                                                     Түркістан облыстық сотының төрағасы.
Пікір қалдырыңыз