Мемлекеттік қызметшілер марафонға қатысты

Мемлекеттік қызметшілердің отансүйгіштік, патриоттық сезімін ояту мақсатында өткен шараға қатысушылар ұзындығы 2400 метрді құрайтын шақырымды бағындырды.
Бүгін мемлекеттік қызметшілер арасында «Жемқорлықсыз
салауатты қоғам» атты ұранымен бұқаралық жүгіру марафоны өтті. Халықты
салауатты өмір салтына баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік
қызметшілерді дене мәдениеті және спортпен жүйелі айналысуға тарту, мемлекеттік
қызметшілердің отансүйгіштік, патриоттық сезімін ояту мақсатында өткен шараға
қатысушылар ұзындығы 2400 метрді құрайтын шақырымды бағындырды.
Бұқаралық жүгіру марафонының қорытындысы «Рәміздер
алаңында өтті. Онда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
Полат Қырықбаев жеңімпаздарды құттықтап, дипломмен және бағалы сыйлықтармен
марапаттады.
Қайрат ЗАЙНИШЕВ