Әкiм оқушыға алғыс айтты

Түркістан қаласының 11 жасар тұрғыны Нұрболат Тасболат қала әкімі Рашид Аюповпен кездесті. С. Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернаттың оқушысы көшелердің біріндегі шашылып жатқан қоқысты ешкімнің тапсырмасынсыз-ақ жинап, қалаға деген сүйіспеншілігін білдірген болатын. Баланың қоқыс жинап жүрген суреті әлеуметтік желілерде жарияланған соң, қала әкімі онымен танысқысы келетінін білдірген. Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов оқушыны арнайы қабылдап, жас патриотқа алғыс хат және мектепке қажет құралдар салынған рюкзак тарту етті.
– С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатының 6 «б» сынып оқушысы
Тасболат Нұрболат – оқу екпіндісі, көп балалы отбасынан шыққан, тәрбиелі оқушы.
Қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады. Ата-аналары еңбекқор жандар, мінезі ашық,
достары мен сыныптастарымен жақсы араласады. Мектепте «Сөз маржаны» үйірмесіне қатысады,
– дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалбибі Арқабаева.
«Оңтүстік»-ақпарат.