«Қалтадағы ХҚО» жүргізушілер жұмысын жеңілдетеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы «Қалтадағы ХҚО» акциясын өткізуді қолға алды. Жақында аталмыш шара Сайрам ауданындағы көлік базарында өтті.


Сала мамандары мұнда келушілерге электронды үкімет порталы арқылы көліктерді есептен шығаруға және жүргізуші куәліктеріне тапсырыс беруге болатынын айтты. Бұл үшін жүргізушілер мобильді азаматтардың базасына тіркелуі керек. Оны ХҚО қызметкерлері жүзеге асырады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының ресми өкілі Амантай Егембердиевтің мәлімдеуінше, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған акция алдағы уақытта облысымыздың басқа да аудандарында жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері мобильді азаматтар базасында облыс бойынша 376242 адам тіркелген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз