ӘДІЛ СОТТЫҢ КЕПІЛІ – САУАТТЫ РЕФОРМА
Судьяның сыннан немесе қандай да бір қуғындаудан қауіптенбей, оған берілген істер бойынша тіпті аса ауыр және резонансты істер болса да, заңға сәйкес шешімдер қабылдауға құқығы бар және оған міндетті.
Сот-құқық реформасы
бойынша әлеуметтік беделін көтеру, соттарды тұлғаның құқығы мен
еркіндігін қорғайтын сенімді кепілге айналдыру, қоғамдағы дау-жанжалды заңды
және әділ шешуге қол жеткізу, судьялардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын
қамтамасыз ету сынды маңызды аспектілер бүгінгі таңда біртіндеп жүзеге
асырылып жатыр. Дегенмен, шынайы сот беделі, ең алдымен, судьялардың әділдіктен
айнымайтын тәуелсіздігіне, кәсіби біліктілігіне, қарапайым халыққа етене
жақындығы мен ашықтығына тікелей байланысты.
Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Президент қызметіне кірісу рәсімінде осы мәселелерге айрықша
тоқталып, судьялар мен осы қызметке үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін
қатаңдатуды тапсырды.
Судьяның қашанда тек
бейтарап және тәуелсіз болуы әділ сот жүргізуіне көмектеседі. Судьяның
сыннан немесе қандай да бір қуғындаудан қауіптенбей, оған берілген
істер бойынша тіпті аса ауыр және резонансты істер болса да, заңға сәйкес
шешімдер қабылдауға құқығы бар және оған міндетті. Судьялар тәуелсіздігінің
әлеуметтік кепілдіктерін күшейту, адамдардың жеке басы мен бостандығына қол
сұқпау құқығын қамтамасыз ету үшін алдын ала тергеу сатысында соттарға
қадағалау өкілеттігін беру үшін Қылмыстық-процессуалдық кодекске де өзгерістер
енгізу қажеттігі байқалады. Сол секілді судьялардың тәуелсіздігіне қауіп
немесе нұқсан келтіретін жағдайларда олардың Жоғарғы Сот кеңесіне жүгінуін заң
жүзінде реттеу халықаралық стандарттарға сай келер еді.
Қорыта келгенде,
артымызға қарайласақ, мемлекетіміз тәуелсіздігін алғалы бері сот реформаларын
жүргізу аясында көп жұмыстар жүргізілді. Олар өзінің тиімділігін көрсетті. Сот
жүйесінің абыройын көтеріп, қоғамның сенімі арттыратын мұндай реформалар әлі де
жалғасын табады деп үміттенеміз.
Түгел БЕКІМБЕТОВ,
Түркістан облыстық сотының
азаматтық істер жөніндегі сот алқасының
төрағасы.