"TÚRKІSTAN BAQ - 2019" ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Байқау өңірдегі БАҚ саласын дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін көтеруге, БАҚ өкілдерінің азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Байқау өңірдегі БАҚ саласын дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін көтеруге, БАҚ өкілдерінің азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. 
Мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету. Байқаудың марапаттау рәсімі 2019 жылғы 28 маусымнан кешіктірілмей өтеді. 
2019 жылғы 20 маусымнан бастап Түркістан облысы ішкі саясат басқармасы "Túrkіstan BAQ - 2019" шығармашылық байқауына материалдар қабылдау басталды. Байқауда бақ сынайтын БАҚ өкілдері Түркістан облысының дамуына қатысты позитивті материалдарын 2019 жылдың 25 маусым, сағат 19.00-ге дейін тапсыруы шарт. 
Бұл байқауға өңірдегі БАҚ-тағы кез келген ұжым, журналист қатыса алады. 
????Байқауға БАҚ өкілдері 2018 жылғы 20 маусымнан бастап 2019 жылғы 20 маусым аралығында жарияланған материалдарын жолдауы тиіс. Өтінімдер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап қабылданады. Бір журналист үш (3) материал ұсынуы тиіс. 
Байқауға қатысу үшін өтінімді толтырып, ұйымдастырушының uvpkonkurs@mail.ru электронды почтасына жұмыстарды жолдау қажет (ТО ІСБ БАҚ бөлімі). 
Сонымен бірге Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі, нөмірсіз (Ханака қонақ үйі), 2 қабат 6 кабинет мекенжайына жеткізуге болады.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Жеңімпаздарды марапаттау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру 28 маусым – Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күнімен сабақтастырылады.
Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Байқау комиссиясы – Түркістан облысы әкімі жанындағы БАҚ жөніндегі кеңес мүшелерінен тұрады. 
Байқау комиссиясы үміткерлерді іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады: 
материалдардың байқау талаптарына сәйкестігі;
материалдың объективтілігі;
кәсіби шеберлігі;
журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы: Байқауға Түркістан облысы мен Түркістан қаласының экономикалық-әлеуметтік, рухани-мәдени және өзге де салаларын қамтыған сараптамалық, ақпараттық материалдар қабылданады. 
Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:
Баспасөз материалдары Microsoft Word және PDF форматында жарияланымымен қоса өткізіледі (сканерленген көшірмеде атауы мен баспасөз БАҚ-тың шығыс деректері болуы керек). Сондай-ақ түпнұсқасын әкелу құпталады;
ТВ-материалдары DVD-дисктерде беріледі, ал радио мен фото жұмыстар – CD немесе DVD-дискте;
Бейнематериалдар 1920 х 1080 full HD кем емес рұқсатымен DVD форматта, хронометраж – 1 (бір) минуттан кем емес (бейнесюжеттер үшін) және 30 (отыз) минуттан (деректі фильмдерге немесе телебағдарламалар үшін) аспауы тиіс;
Байқау жұмыстарын USB (flash) тасымалдаушымен беруге болады.
Өтінім мен Байқау жұмыстары хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей өткізілуі керек.
Байқау тақырыбына, қойылатын талаптарға сай келмейтін, сондай-ақ мерзім аяқталғаннан кейін өткізілген жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқау жұмыстарының мәлімделген тақырыпқа сәйкестілігін Байқау комиссиясы анықтайды. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘРТІБІ
Комиссия құқылы:
- осы байқау туралы ереженің талабына сәйкес келмеуі негізінде байқауға қатысушыны қабылдамауға; 
- Байқау комиссиясы байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы түсінік беруге міндетті емес.
Комиссия міндетті:
- Байқауға қатысушылардың барлығына бірдей жағдай жасауға;
- Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге; 
- Байқау қорытындысы туралы мәліметтерді алдын ала жариялануына жол бермеуге.
Байқау жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі 2019 жылдың 28 маусымынан кешіктірілмей өткізіледі.

????Байқау тізбеге сәйкес келесі номинациялардан тұрады:

1. «Алтын қалам»
(Мерзімді басылым, ақпараттық сайттағы үздік талдау-сараптама үшін)
2. «Tүркістан-Темірқазық»
(телеарнадағы үздік ақпараттық-талдау бағдарламасына арналған үздік сюжет, деректі фильм үшін) 
3. «Объектив»
(Фотографтар, телеоператорлардың өңір туралы үздік жұмыстары үшін) 
4. «Шынайы көзқарас»
(Өз энтузиазмымен өңір туралы блогплатформалар мен тұғырнамаларда, әлеуметтік желілерде позитивті жаңалық жариялаушы желі белсенділері мен фрилансерлер)
5. «Тұран сайыпқыраны»
(Республикалық, облыстық, аудандық БАҚ-ның тілшілерінің үздік жұмыстары үшін)
6. «Түркістан жанашыры» сыйлығы
(Әкімдік пен журналистер қауымының арасында алтын арқау болған белсенді баспасөз хатшыларының еңбегі үшін)
7. «Жаңашыл ұжым»
(Өңірдің өркендеуі жолында белсенді еңбек еткен БАҚ ұжымының жұмысы үшін)
8. «Үйлесім» сыйлығы 
(Үздік корректор мен дизайнер және монтаж жасаушыларға және техникалық қызметкерлерге арналған сыйлық)

Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты
Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі, нөмірсіз (Ханака қонақ үйі), 2 қабат 6 кабинет. Байланыс телефоны: + 7 775 080 31 87 Балғын Ерболқызы, + 7 775 368 5785 Эльвира Арыстанбекқызы, 
электронды пошта: uvpkonkurs@mail.ru

Байқауға қатысу өтінімі

Тегі: ___________________________________________
Аты: _______________________________________________
Әкесінің аты: ___________________________________________
Туған күні: ______________________________________
Білімі: ________________________________________
Жұмыс орны: _______________________________________
Номинация атауы: _________________________________________
Материалдар атауы: __________________________________
Жарияланған материалдың гиперсілтемесі (тікелей сілтеме) 
(электронды түрде жарияланған жағдайда): ____________________________________________________
Электронды почта: __________________________________
Байланыс телефоны: _________________________________


Байқауға қатысушының _________________ Қолы 
Күні

Пікір қалдырыңыз