МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Жобаның мақсаты - инвесторларға қолайлы жағдай жасау
Елімізде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық департаменттері
тарапынан ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия
тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting
Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда.
Жобаның басты
мақсаты - бизнесті қорғау, қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер
үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету.
Таяуда агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті
басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы аталған жоба аясында өңірдегі бірқатар бизнес
өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы меморандумға
қол қойды. Атап айтар болсақ, «A2 Business» серіктестігінің директоры А.Тоқлиев
пен "Қуаныш» ЖШС-нің директоры И.А.Намазбаевамен осындай келісім түзіліп, алдағы
уақытта сыбайлас жемқорлықпен бірлесе күресуге уағдаласты.
Департамент басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы өз сөзінде жобаға қатысуға қызығушылық
танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында, яғни аптасына 7 күн, тәулігіне 24
сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100% қорғауға кепілдік берілетінін
жеткізді.
Айта кетейік, бизнес өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге келісімге
қол қою үшін қосымша ақпаратты +7778 905 7777 байланыс
нөмері арқылы алуға болады.
«Оңтүстік»-ақпарат.