Бұл – бiз үшiн үлкен мәртебе!

  Жастар жылының ресми ашылуында Елбасы Н.Назарбаев биылғы жылы атқарылатын нақты тапсырмаларды атап көрсетті.

 

Атап айтар болсақ, Елбасы жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамту, олардың кәсіпкерлікке бет бұруына жағдай жасау, қажетті жас мамандарды даярлау үшін мемлекеттік оқу гранттарын көбейту және ерікті жастарға көңіл бөлу мәселелеріне пәрмен берді. Сонымен қатар, шаңырақ көтеру және оны сақтау мәселесіне жіті назар аудару қажеттігін айтып, берік отбасы құру үшін жоғары сыныптан бастап отбасылық өмірге даярлауды жолға қоюды ұсынды. Жастар жылында еліміздегі жастар үшін тың идеялар мен бастамалардың жүзеге асатынына және жастардың барлық әлеуметтік мәселелерінің оң шешімін табатынына сенім мол. Ал, біздер, өз кезегімізде сенімнің үдесінен шығып, мемлекеттің жасаған жағдайын, Елбасының көрсеткен қамқорлығын дұрыс және тиімді пайдалануға тиіспіз.

Асылбек БАТЫРХАН, Арыс қалалық Жастар ресурстық орталығының инспекторы.

Пікір қалдырыңыз