«Ауылға айтсаң – асар, көршiге айтсаң қосар»

  Мақсат ҚАРҒАБАЙ, «Оңтүстік Қазақстан». Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп, кемтарға қамқор, жоқ-жітікке жанашыр болған ата-бабалардың ұрпағымыз. Дана халқымыздың сан ғасырдан бері сақталған осынау үрдісі әлі де жалғасып келеді.

 

Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен ауылдастары жалғызілікті кейуана Тұрғанкүл Байтасованың ескірген баспанасын жаңартуды қолға алды.

Бұл іске асарлату әдісімен жұмыла кіріскен жігіттер үйдің шатырын ауыстырып, іші-сыртын сылап, әктеп, аула сыртындағы шарбақты ретке келтіріп береді. «Ауылға айтсаң – асар, көршіге айтсаң қосар» демекші, қажетті материалдар аудандағы мекемелерден жиналды. Ал, құрылыс жұмыстары мекеме қызметшілерінің және ауыл тұрғындарының күшімен атқарылмақ.

Созақ ауданы.

Пікір қалдырыңыз