«Бұраң бел» үшінші рет өтті

  Мақпал ТӨРЕБЕК, «Оңтүстік Қазақстан». Шымкент қаласындағы «Қиял әлемі» саябағында облыстық «Бұраң бел» би фестивалі өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға қала, аудандардан 22 би тобы қатысып, шеберліктерін ортаға салды.

 

Шараның шымылдығын ашқан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан би ұжымдарының жетекшілері мен өнерпаздарға арнайы Алғыс хат пен сый-сияпат табыстады. Ал, ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Тойған Ізім мен «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының режиссері, хореограф Арман Нұрмахаматұлы тәжірибелі маман ретінде пікірлерін айтып, өнерпаздарды жаңа қырынан танылуға, әріптестік байланысты нығайтуға шақырды.

Биыл үшінші рет өткізіліп отырған фестиваль Тәуелсіздік саябағындағы «Рухани жаңғыру» флешмобына жалғасып, 500-ден аса биші облыстық орыс драма театрынан «Қиял әлемі» саябағына дейін шеру жасады. Байқаудың соңы гала-концертке ұласты.

Пікір қалдырыңыз