Бастар ЕСҚАРАЕВ – жаңа басқарма басшысы

Облыс әкімінің 2018 жылдың 10 қаңтардағы №1-5ө-ж/қ өкімімен Бастар Әуелханұлы ЕСҚАРАЕВ Оңтүстік Қазақстан облысы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған болатын.
Республикада бірінші болып құрылған бұл басқарманың негізгі міндеттері – облыс аумағындағы атқарушы органдар тарапынан халыққа көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасына мониторинг жүргізумен қатар, Елбасының 2018 жылғы Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, экономиканың түрлі салаларын цифрландару бойынша жүргізілетін жұмыстарды үйлестіру, сонымен қатар ҚР Ұлттық архив қоры құжаттарының қабылдануын, сақталуын және пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады.
«Оңтүстік»-ақпарат.