АҚЫН ҰЛЫН АРДАҚТАДЫ

  Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиет зерттеушiсi Аян Нысаналин Бәйдібек ауданының құрметті азаматы атанды.

 

Қарымды қаламгер – «Көктем кешiкпейдi», «Сүмбiле», «Иiрiм», «Көзайым», «Тыныс», «Мәуе» кітаптарының авторы. Оның әдеби сынға құрылған «Параметры», «Жансарай» атты еңбектері әдебиетші ғалымдардың көмекші құралына айналған. Сондай-ақ, ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтов пен В.Высоцкийдің, Шығыс шайырларының шығармаларын тәржімалап, көркем аударма саласына да сүбелі үлес қосып келеді. Аян Нысаналиннің қазақ әдебиетiнде өшпестей iз қалдырған Сәуiрбек Бақбергенов, Тәкен Әлiмқұлов, Төлеген Тоқбергенов сынды қазақ жазушыларын насихаттап жүрген жанашырлығын тіпті бөле-жара атап өтуге болады.

Аян ақын осыдан үш ай бұрын редакциямызға арнайы бас сұғып, туған жеріне тағзым еткенін, Жетімтау ауылының көзіне оттай басылғанын әңгімелеген. Енді сол туған жерінің «Құрметті азаматы» атанып отыр. Бүгінде газетіміздің тұрақты авторына айналған ақын ағамызды қуанышымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

«Оңтүстікқазақстандықтар».

Пікір қалдырыңыз