«БАТЫС ЕУРОПА – БАТЫС ҚЫТАЙ»

Күрежолының бойы үлкен саябаққа айналады Облыс әкiмiнiң бастамасымен қолға алынған өңiрлiк «Шатқал» бағдарламасы жер-жерде мықтап қолға алынды. Аталған бағдарлама аясында «Туған жердi түлету – ортақ парыз!» атты акция Сайрам ауданында да көпшiлiктiң жан-жақты қолдауына ие болды. Аудан әкiмi С.Сапарбаев бос жатқан жерлерге, жол бойларына түрлi ағаш көшеттерiн отырғызу туған жердiң ажарына ажар қосатынын айтты. Жақында ғана Сайрам мен Түлкiбас аудандарының шекарасында, яғни Машат асуындағы халықаралық автожол бойында сайрамдықтар нағыз еңбек мерекесiн жұртшылыққа паш еттi. Акция барысында облыстық мәслихаттың депутаты Бекасыл Төлендиев 1200 түп түрлi ағаш көшетiн жеткiзуге демеушiлiк жасап, көпшiлiктiң алғысына кенелдi. Еңбек мерекесiне қатысқан аудан әкiмдiгiнiң қызметкерлерi, барлығы 200-ден астам адам бұл күнi 600 түп түрлi жемiс ағаштарымен қоса, 600 түп қылқанжапырақты және қаратал көшетiн отырғызды.
– Ауданда «Менiң ағашым менiмен бiрге өседi» акциясы өткiзiлiп, әрбiр ауылдық округте көптеген жемiс, сәндiк ағаштарының көшеттерi қазiр жапырақ жайғалы тұр. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күрежолының бойы келешекте үлкен саябаққа айналады. Өңiр басшысының бастамасымен қолға алынған бұл игiлiктi шаруа оңтүстiкқазақстандықтарды ерекше қуантып отыр. Болашақ саябағымызға «Достық» атауы берiлдi. Оны күтiп- баптайтын, суарып, қарайтын тиiстi мамандар болмақ. Саябақ жан-жағы қоршалып, өткен-кеткен жолаушылардың алыс жолдан бiр сәт дем алып, тынығатын мәдени орнына айналары сөзсiз. Облыстық мәслихаттың депутаты Бадриддин Нышанқұлов саябаққа қажеттi жұмыстарды атқару үшiн өз есебiнен 3 миллион теңге бөлiп, мерейiмiздi өсiрiп тастады, – дейдi аудан әкiмi Самат Сапарбаев.
Ахметжан ӘДIЛҰЛЫ. Сайрам ауданы.