Қысқа мерзiмдi оқу курстары ашылады

Қазақстанның еңбек нарығында кәсiби мамандарға деген зәрулiк байқалады. Әсiресе, жұмысшы қауым, яғни, кәсiптiк-техникалық мамандық иелерi жоғары сұранысқа ие. Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауында сала мамандарына осы мәселеге баса назар аудару керектiгiн тапсырды. Кәсiптiк-техникалық бiлiм алуға жастарды ынталандыру және жұмыссыздарды тегiн бiлiм алуға жұмылдыру қажеттiгiн айтты.
Бүгiнде Шымкенттегi Жол-көлiк колледжiнде кәсiптiк-техникалық мамандық беретiн қысқа мерзiмдi оқыту курстары ұйымдастырылып отыр. Екi қолға бiр жұмыс таппай жүргендер немесе бұған дейiнгi мамандығы бойынша кәсiп таппаған азаматтар осы оқу курсында 8 мамандық бойынша бiлiм алуына мүмкiндiгi бар. Атап айтқанда, «автоэлектрик», «радиотехник», «дәнекерлеушi» және «автослесарь» мамандықтары бойынша бiлiм ала алады.
Жолдауда айтылған мiндеттердi жүзеге асыру арқылы қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасын ғана емес, адами капитал – бiлiмдi ұрпақ қатарын көбейтуге де қол жеткiзетiнiмiз сөзсiз. Бұл орайда қазiргi қоғам ұстаздардан жан-жақты жетiлген, ертеңгi күнi замандастарымен тең дәрежеде бәсекеге түсе алатындай мықты бiлiммен қаруланған ұрпақ тәрбиелеудi талап етiп отыр.
Қырық жылдық ұстаздық тәжiрибемнен көкейге түйгенiм – өмiрдегi бар жақсылықтың бастауы – тәрбиеде жатыр. Өскелең ұрпағымызды елiмiз үшiн еселеп үлес қосуы үшiн рухты етiп тәрбиелеуде, қазақ деген ұлы халықтың тарихын, тiлiн, дiлiн бойына сiңiруде ұстаздарға зор еңбек ету қажеттiлiгi туып тұр. Бұл – Жолдау жүктеген мiндеттер. Жауапкершiлiк жүгi ауыр мiндеттi абыроймен атқаруға атсалысайық.
Зиядаш IЗБАСАРОВА, Жол-көлiк колледжi директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары.