Кәсіпорын 50 адамды жұмысқа қабылдады
Шардара ауданында жүгеріні терең өңдеу зауыты жұмысын бастады. «Қазкрахмал» ЖШС-іне қарасты кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 150 мың тонна шикізат өңдеуге арналған. Кәсіпорында 500 адам жұмыс істейді.
Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету үшін өңірімізде жүгері алқаптары кезең-кезеңімен ұлғайтылып, тамшылатып суару жүйелері енгізілуде. Бұл әсіресе су ресурстары шектеулі аймаққа қатысты. Айта кетейік, жүгері күрішпен салыстырғанда суды аз қажет ететін дақыл.
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин атап өткендей, Қазақстан – астықтың дәстүрлі ірі өндірушісі және экспорттаушысы. Соңғы үш жылда дәнді дақылдардың жылдық өнімі 24 млн. тоннадан асты. Мұндай көлем ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге және экспорттық позицияларды сақтауға ғана емес, сонымен қатар ел ішінде астық өңдеуді заман талабына сай етуге мүмкіндік береді.