МЕДИАЦИЯ – ӨЗАРА ТҮСІНІСТІККЕ БАСТАР ЖОЛ
Филиалдың ашылуы халыққа медиация қызметінің қолжетімділігін жақсартуға, дауларды бейбіт жолмен шешуге және қоғамдағы дау-жанжалдардың алдын алуға бағытталған.
Кейінгі жылдары дау-жанжалды бейбіт жолмен шешуді көздейтін медиацияның маңызы артып
келеді. Бұл бастама
екі тараптың түсінісуіне, және ортақ келісімге келуіне көмектесіп, ұзаққа
созылатын сот процестерінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Халыққа медиация қызметін қолжетімді ету мақсатында 2026 жылдың қараша айының 11-і күні сағат 12:00-де Шымкент қаласы, Ш.Қалдаяқов көшесі, 1Б мекенжайында «Майда» медиация және психология орталығы» қоғамдық бірлестігінің филиалы ашылады. Жаңа филиалда азаматтарды төрт медиатор қабылдайды. Олардың жұмысына Тоқтамыс Бақдаулет Мұратұлы жетекшілік етеді. Мамандар мұнда негізінен екі тарап арасындағы даулы мәселелерді шешуге, жанжалдардың алдын алуға және тараптардың өзара келісімге келуіне көмектеседі.
Филиалдың ашылуы халыққа медиация қызметінің қолжетімділігін жақсартуға, дауларды бейбіт жолмен шешуге және қоғамдағы дау-жанжалдардың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар отбасы құндылықтарын сақтау, адамдар арасындағы өзара сыйластықты нығайту және сындарлы диалог мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені, әрбір даудың артында адам тағдыры тұрады. Кейде маманның көмегі жанжалды реттеп қана қоймай, адамдар арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалуға да мүмкіндік береді.
Осы ретте медиация
қызметіне жүгінгісі келетін немесе медиатордың көмегіне мұқтаж азаматтарды
Шымкент қаласы, Қалдаяқов көшесі, 1Б мекенжайында орналасқан «Майда» медиация
және психология орталығының филиалына келуге шақырамыз. Мұндағы білікті
мамандар даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге көмектеседі.
Дархан ДОСМҰРАТОВ,
медиатор.
Кырыкбаева Лаура
Енбектериниз жана берсин
Багдаулет Марат улы
Исинизге саттилик
Бақдәулет Мұратұлы
Керемет, берекесін берсін
Бақдәлет Мұратұлы
Керемет, іске сәт!
Динара
Абыройларыңыз арта берсін, еңбектерініңіздің жемісін көріңіздер.
Мұрат
Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жпушыдан. Дәулет бауырым, жақсы іс екен. Даулар медиатррлар септігімен екі жаққа да тиімді шешңлсін