Тұрғындар өз сайлау учаскесін онлайн анықтай алады
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай Түркістан облысында азаматтардың өз сайлау учаскесін алдын ала нақтылауына барлық жағдай жасалған.
Тұрғындар дауыс беру орнын мына ресми арналар арқылы тексере алады:
• Ресми интернет-ресурс: Облыс әкімдігінің ресми сайтында «Өз сайлау учаскеңізді табыңыз» онлайн-сервисі іске қосылды.
• Telegram-бот: @sailau_iturkestan_bot арқылы ЖСН енгізу негізінде учаске мекенжайын жедел білуге болады.
• Бірыңғай байланыс орталығы: «109» нөміріне қоңырау шалу арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар.
29 қараша күні сайлаушылар тізімінен өз деректерін тексеру үшін өңір бойынша 557 онлайн-сервис нүктесі, 22 шағын ХҚКО (мини-ЦОН) және 18 жергілікті Call-орталық жұмыс істейді.
Сонымен қатар әрбір сайлау учаскесіне комиссияның 2 мүшесі арнайы бекітіледі. Олар тіркеу деректеріне қатысты проблема туындаған азаматтардың мәліметтерін «Электрондық үкімет» (eGov) порталы арқылы сол жерде жедел тексеріп, нақтылауға көмектеседі.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.