Өзекті мәселелерді қамтыды
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы «Қазақстанның Жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» деп аталды.
Жолдау жүктеген міндеттерге қарағанда, енді еліміздегі қалаларды қауіпсіз, жайлы әрі заманауи етіп дамытуға басымдық берілмек.
“Біз
ауыл-аймақтарды дамыту мәселесін әрдайым ерекше бақылауда ұстаймыз. Ауылдағы
тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барынша жағдай жасап отырмыз. Алайда,
қазір экономика, білім мен технологияның тірегі де, таланттарды шыңдайтын да
негізгі қалалар екенін атап өткен жөн. Сайып келгенде, қуатты қалалар қуатты
аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайды. Сондықтан
әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімдегі даму жоспары
болуға тиіс, - деп атап өтті Президент.
Айтуынша,
сонымен қатар қала ресурсын тиімді басқару үшін Үкімет әкімдіктермен бірлесіп,
қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын көп ұзамай әзірлеуге тиіс.
Серікбай ИБАДУЛЛАЕВ,
қоғам қайраткері.