Лицензия бес жылға беріледі
ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру бағытында көптеген шараларды қолға алуда. Атап айтқанда, осы жылғы 1 сәуірден бастап елімізде алғаш рет балалар сауықтыру орталықтарының қызметін лицензиялау жүйесі енгізілді. Бұл бастама – балалардың демалысы, оқуы және сауықтырылуы үшін бірыңғай талаптарды қалыптастыруға бағытталған қадам.
Әрине, бұл жағымды жаңалық. Бірден айта кетейік, енді лицензияның қолданылу мерзімі тұрақты түрде бес жыл болып белгіленді. Яғни мекемелер үшін әкімшілік жүктеме анағұрлым азаятын түрі бар, қағазбастылық та кемімек. Ең бастысы, құжаттар жыл сайын қайта ресімделмейтін болды. Біле білсеңіз, мұның өзі қызмет көрсетуші ұйымдар жұмысын тұрақтандыруға себепші. Мемлекеттік бақылауды жүргізуге де оңтайлы. Бұл әдіс балаларға көрсетілетін білім беру және сауықтыру қызметінің сапасын жақсартып, қауіпсіз орта қалыптастырады. Қысқасы, жаңа талаптар бойынша балаларды сауықтыру орталықтары белгіленген стандарттарға сәйкес болуы керек. Атап айтқанда, ең алдымен білім беру және сауықтыру бағдарламасының болуы шарт. Екіншіден, білікті педагогикалық және медициналық кадрлары толық болуы тиіс. Үшіншіден, СЭС талаптары толық сақталуы керек. Төртіншіден, қауіпсіздік шаралары жете ескерілуі ләзім. Бесіншіден, материалдық-техникалық базаның белгіленген стандарттарға сәйкестігі — басты талап.
Жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында өңірлерде әкімдіктер жанынан ведомство-аралық штабтар құрылды. Бұл күндері олар балаларды сауықтыру орталықтарының маусымға дайындығын тексеріп жатыр.
«ОҢТҮСТІК»-АҚПАРАТ.
Franz Tost
The best way to avoid a psychological breakdown after experiencing infidelity is to make sure you are not just assuming your partner is cheating, as a policy , don’t say they are cheating until you have gathered proof of their act, confrontation without evidence is just unacceptable, I contacted this LEGIT HACKER {Email;jbeespyhack@gmalL.com when I was in the eye of the storm with my Ex husband i saw all his mails, Skype, Instagram, messages, kik, Facebook and even pictures he exchanged with his lover, but it was easier at the end really, having proof helps a lot. you never going to regret working with him, talk to him via jbeespyhack@gmalL.com}