Білім мен ғылым — технологиялық серпіліс драйвері

Бүгін – жаңа Конституция ресми түрде күшіне енген және оны іске асырудың келесі кезеңі басталған тарихи күн. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз мәлімдемесінде Конституция – елдің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екенін және жаңа Ата Заңның қабылдануы мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Мемлекет басшысы «Жаңа Конституция – халқымыздың ерік-жігерінің көрінісі әрі Қазақстанның жаңа даму дәуірінің берік құқықтық негізі» екендігін, бүгіннен бастап мемлекеттік органдардың жұмысы жаңа конституциялық нормаларға толық сәйкес жүргізілетінін жеткізді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлының «Казахстанская правда» газетінде жарық көрген «Конституция как стратегическая опора развития страны» атты мақаласы – осы тарихи күні жарияланған, отандық білім беру мен ғылым саласының таяу жылдардағы даму бағытын айқындайтын, терең философиялық мәні бар, стратегиялық маңызды құжат болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаторлық саясаты мен Ата Заңымыздың мызғымас қағидаттарына негізделген бұл еңбекте еліміздің зияткерлік әлеуетін трансформациялаудың нақты жолдары көрсетілген. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті бұл мақалада көтерілген әрбір бастаманы толық қолдай отырып, жүзеге асыратын болады.

Мақаланың өзегі – еліміздің басты құндылығы адам капиталы екендігін Ата Заң деңгейінде бекіту. Министр атап өткендей, жаңа дәуірде бәсекеге қабілеттілік тек табиғи ресурстармен емес, азаматтардың білімімен, икемділігімен және креативтілігімен өлшенеді. Конституцияның әлеуметтік мемлекет туралы нормалары бүгінде білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттырудың басты кепіліне айналып отыр. Бұл бізге – жоғары білім ордаларына тек маман даярлауды ғана емес, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру бойынша үлкен жауапкершілік жүктейді.

Сондай-ақ, министр жоғары білім жүйесінің ауқымы кеңейген тұста, оның сапасына қойылатын талаптардың қатаңдай түсетінін нақты көрсетеді. Әсіресе, өңірлік балансты сақтау – біздің университет үшін өте өзекті мәселе. Оңтүстік өңіріндегі демографиялық өсім мен педагог кадрларға деген сұранысты ескере отырып, білім беру бағдарламаларының сапасын халықаралық стандарттарға сай жетілдіру – біздің басты міндетіміз. Өңірлік жоғары оқу орындарын дамыту, оларды жергілікті экожүйенің ғылыми-инновациялық орталығына айналдыру туралы көтерілген мәселе аймақтардан дарынды түлектердің сырт жаққа кетуін тоқтатуға тікелей септігін тигізері анық.

Мақалада Мемлекет басшысының ғылымды қаржыландыруды ұлғайтумен қатар, оның тиімділігін қатаң бақылау туралы тапсырмасы ерекше орын алған. Жыл сайын бөлінетін 200 миллиард теңгеден астам қаражаттың әрбір теңгесі ел игілігіне, нақты өндіріске немесе әлеуметтік-гуманитарлық саланың сапасын арттыруға жұмыс істеуі тиіс. Біздің педагогикалық университетте де ғылыми зерттеулердің қолданбалы сипатына, мектеп білімін жақсартуға бағытталған әдістемелік жобаларға басымдық берілуде. Ғылымның ел әл-ауқатына тікелей қызмет етуі – бұл бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, Саясат Нұрбекұлы өз сөзінде атап өткендей, ғылымға салынған кез келген инвестиция – бұл халықтың әл-ауқатына, елдің бәсекеге қабілеттілігіне және әрбір отбасының жарқын болашағына салынған инвестиция. Ғылымның шынайы құндылығы оның қоғамдық игілікке қызмет етуімен және елдің тұрақты дамуына қосқан нақты үлесімен өлшенеді.

Бұдан бөлек, Саясат Нұрбекұлы өз мақаласында қазіргі жаһандық үрдістерді нақты ескере отырып, Жасанды интеллект (ЖИ) пен цифрлық технологияларды енгізудин маңыздылығын айқындайды. Бұл – білім беру саласы үшін үлкен мүмкіндік әрі жаңа сын-тегеурін. Біз бүгіннен бастап болашақтың мұғалімдерін ЖИ құралдарын меңгерген, цифрлық сауаттылығы жоғары мамандар ретінде даярлауымыз керек. Мақалада айтылған цифрлық серпіліс бағдары – Жәнібеков университетінің академиялық саясатының негізгі өзегі. Біз білім беру үдерісін цифрландыруды жаңа деңгейге көтеруге толықтай дайынбыз.

Мақаланың қорытынды бөліміндегі келесі ұрпақ алдындағы парыз туралы ойлар әрбіріміздің жүрегімізге жетті деп білемін. Бүгінгі біз қабылдаған шешімдер мен қалыптастырған білім беру жүйесі ертеңгі Қазақстанның келбетін айқындайды. Ата Заңымыз бізге тұрақтылық пен дамудың мықты негізін берсе, Министрліктің стратегиялық пайымы сол негізде заманауи, қуатты білім хабын құруға жол ашады.

Министр Саясат Нұрбектің бұл мақаласын құрғақ есеп емес, еліміздің зияткерлік әлеуетін көтеруге бағытталған шынайы манифест деп қабылдау керек. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті бұл стратегиялық міндеттерді орындауда әрдайым алдыңғы орында болады. Сапалы білім, нәтижелі ғылым және озық технологиялар арқылы біз еліміздің Ата Заңда бекітілген мәңгілік құндылықтарын нығайта түсетінімізге кәміл сенемін.

Әлібек НҰРТАЕВ,

Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор м.а.

1 пікір

  • Мэри Жордан
    Мэри Жордан

    I tried to invest my savings into forex broker’s trade during Pandemic and ever since last year December have been trying to withdraw my savings and each time i try to withdraw i’m asked to pay for fees and Tax fees, last i discovered that it was all scam and i have already lost $450,000 US dollar’s. I was referred by my bestie who know so much about the internet and he referred me to jbeespyhack @gmail com i emailed him i did as he instructed, after 32 hours of reaching out to jbeespyhack hacker i received a notification on my phone screen and it was blockchain and my funds were recovered full without stories, i am writing this because a lot of people complain of being scammed online while trying to have there funds recovered, kindly email jbeespyhack@gmail.com

Пікір қалдырыңыз