Мұғалімдеріміздің барлығы өз мамандықтарымен жұмыс істеп жатыр

 Біздің №77 жалпы білім беретін мектептің  материалдық-техникалық базасы уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Оқу ордасы барлық заманауи техникалармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мектеп 2024 жылы салынған үш қабатты типтік  ғимаратта орналасқан. Ғимарат ауласы түгел абаттандырылған. Аулада футбол және баскетбол алаңдары бар. Мектеп аумағы темір тормен қоршалған, 104 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 8-і  жедел басқару орталығына  қосылған. Ғимараттың іші-сырты күндіз-түні  жарық болып тұрады. Ғимаратта орталықтандырылған инженерлік желі бар. 

600 оқушыға лайықталған мектепте бүгінгі таңда 468 оқушы білім алуда. Мұнда 31 оқу кабинеті  бар. Атап айтқанда, математика, химия, биология, информатика, жаңа модификациядағы физика мен робототехника, STEAM, лингвистикалық, география, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, музыка, технология, үй мәдениеті, дизайн,  цифрлық сауаттылық, тамақ мәдениеті, графика және көркем графика, алғашқы әскери дайындық, хореографиялық бастауыш сыныптар кабинеттері, химия, биология, информатика  зертханалары жұмыс істейді. Барлық кабинеттер   интерактивті панельдермен,  әдістемелік құралдар мен әдебиеттерді сақтауға арналған шкафтармен, моноблокпен, принтерлермен жабдықталған. Мектепте «Қазтелеком» АҚ арқылы кабельді интернет желісі және Wi-fi тартылған. 
Былтыр физика және робототехника, STEAM  кабинеттері  ашылды. Оқушыларымыздың физика мен робототехникаға деген қызығушылықтары зор. Химия және биология, информатика кабинеттерінен де оқушыларымыз шықпайды. Демек, бұл пәндерге де қызығушылық басым деген сөз.
Мектепте 61 педагог қызмет атқарады.  Оның 26-сы педагог-зерттеуші, 12-сі педагог-сарапшы, біреуі педагог-модератор. Барлық мұғалімдердің өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуі  басты назарда.  Сондай-ақ, мектепте  психолог пен  кітапханашы да жұмыс істейді.
Біз «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тиімді әдістері арқылы оқушылардың өзіндік білім алу мен өзін-өзі жетілдіруге баулу» тақырыбы аясында оқу-тәрбие жұмыстарын жаңаша ұйымдастырудамыз. Мектеп жыл бойы оқушылардың өзінше ізденіп, білім алуларына жайлы орта қалыптастырады. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды бойларына сіңірудеміз.  ЖИ  мүмкіндіктері шегінде  жаңа дағды мен жаңа технологияларды қолдана алатын оқушылар даярлауға күш салудамыз. Заманауи оқытуды  әлемдік стандартқа сай жалғастыру арқылы оқыту-әдістемелік жұмыстардың кешенді  жоспарын жасадық. Сондай-ақ, педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігі  мен шеберліктерін жетілдіру де назардан түскен емес. Бастысы, бәсекеге қабілетті, өмірлік дағдыларын қалыптастыра алатын оқушылар дайындау бірінші кезектегі міндетіміз деп санаймыз.

Нұрғали ҚАЛЫБЕКОВ,
Жетісай ауданындағы №77 жалпы білім беретін мектептің директоры.

1 пікір

  • Мэри Жордан
    Мэри Жордан

    The best way to avoid a psychological breakdown after experiencing infidelity is to make sure you are not just assuming your partner is cheating, as a policy , don’t say they are cheating until you have gathered proof of their act, confrontation without evidence is just unacceptable, I contacted this LEGIT HACKER {Email;jbeespyhack@gmalL.com when I was in the eye of the storm with my Ex husband i saw all his mails, Skype, Instagram, messages, kik, Facebook and even pictures he exchanged with his lover, but it was easier at the end really, having proof helps a lot. you never going to regret working with him, talk to him via jbeespyhack@gmalL.com}

Пікір қалдырыңыз