АКТРИСА
Райымбек
Сейтметов атындағы Түркістан қаласының
сазды-драма театрының белді әртісі Гүлзада Айтбаева туралы сөз
болғанда көз алдыма талшыбықтай бұралған
Еңлік бейнесі (М.Әуезов «Еңлік-Кебек» )
келеді. Иә, ол Өнер факультетінің соңғы курсында оқып жүргенде-ақ театр сахнасына шыға бастады.
– Бұл қойылым менің студенттік шағымның ұмытылмас естелігі, ал Еңлік образы өшпес бейне болып жүрегімде қалды. Сол тұста біздің театрда актриса тапшы болды.Райымбек Сейтметов класын бітірген бірінші, екінші лектегі театр әртістерінің арасында қыз балалар аздау еді, біразы тұрмысқа шығып кетіп, баламен отырған кез-тін. «Еңлік–Кебек» жоспарға енгізілген, қойылу керек. Сонымен, таңдау 4-курс студенті маған түсті. «Еңлік-Кебек» 20-30 кейіпкері бар, бүкіл дәстүр-салтымыз салтанат құратын ұлттық колориті бай, күрделі эпикалық драма. Осы қойылымда басты рөлді ойнауға бекітілдім. Бұл қаршадай қызға оңай дүние емес-ті. Бірақ, Райымбек ағай маған сенім артты, үлкен жауапкершілік жүктеді. Менің санамда қалайда Ұстазымның сенімін ақтауым керек деген ізгі ниет болды. Еңлік образы ойдағыдай шықты» деп,- еске алады актриса сол кезеңді.
Гүлзада театрдағы 22 жылдық еңбек жолында 50-ге жуық рөлдерде ойнаған. Репертуардағы барлық спектакльдердiң басым көпшiлiгiнде басты рольдердi сомдаған. Оған дәлел: Б.Вахапзаденің “Көк түрiктерінде” –Ичкен Хатун, С.Ахмадтың “Келiндер көтерiлiсінде” – Фармон, Шекспирдің “Асауға тұсауында” – Катарина,Т.Нұрмағамбетов “Ақ босағаң - арыңда” – Файруза, С.Раев, Ә.Әмзеұлы «Ханшаның көз жасы» - Құрманжан датқа, Б.Есенәлиевтің «Ана жүрегінде» – Бихан ана,«Турандот ханшайымда» – Турандот, «Ең әдемі келіншекте» – Гүлбаршын. Қарап отырсаңыз, басым көпшілігінде басты рөлдерді сомдап труппаның жұлдызына айналды. Осы еңбегіне қарай, әр жылдары қалалық, облыстық мәдениет басқармаларының және Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының «Құрмет грамоталарымен», дипломдарымен, Мәдениет министрінің «Алғыс хатымен марапатталды. 2012 жылы жоғары актерлік шеберлігі үшін Қазақстан жастары «Театр өнері» номинациясы бойынша «Серпер» сыйлығының лауреаты атанды.
– Барлық рөльдерім өзіме ұнайды. Әсіресе, «Келіндер көтерілісіндегі» Фармон ене, «Көк түріктер» тарихи драмасындағы патшайым – Ичкен Хатун бейнесі етене, жаныма жақын,- дейді актриса. Иә, жуырда театр өзінің 25 жылдық белесіне орай «Көк түріктерді» қайта жаңғыртып шығарды. Гүлзада Ичкен рөлінде, бұрынғыдан ширата түскен, айызың қанады, шеберлік айқын аңғарылады. Үңіліп қарасақ, ол ылғи да қатыгез, билікқұмар, аяр әйел бейнелерін шеберлікпен сомдайды екен. Мысалы, Т.Нұрмағамбетовтің «Ақ босағаң-арың» қойылымындағы Файруза лауазымды кісінің жұбайы, билік пен байлықтың буына мастанған, мейрімсіз, ата-енесін зар жылататын әйел бейнесінде көрінді. Қойылымды алдыңғы қатарда тамашалап отырған бір кейуана, спектакль шарықтау шағына жеткенде, беріліп кеткені сонша: «әй бір сабап алатын оңбаған келін екенсің» дегені бар,- дейді актриса күліп.
«Жалпы, әртістің өмірі ізденістен тұрады. Әртістер
бейнелеп айтсақ қамыр іспеттіміз, дер
уақтында мықты «аспаздың» яғни шебер режиссердің қолына түссек қалағанынша
илеп, пісіріп алуына болады. Сахна телегей теңіз секілді, жақсы
актер сахнада балықтай еркін
жүзеді. Рөл оң жамбасқа келсе, бір
деммен жағалауға қалай шыққанында білмей қаласың. Ондайда соның ләззатынан қойылым біткен соң да, біразға дейін әсерінен арыла алмай, ұйқы келмей жүріп алатынымыз бар. Рөлге түсе
алмасаң, әрине біреудің киімін кигендей кейіпте боласың. Шебер режиссерді темір ұстасына ұқсатамын: оттан суырып алып,
тастай суға салады, суықтан отқа салып пісіреді. Марқұм Райымбек Сейтметов
ұстазым сондай педагог-режиссер еді. Қаншама таланттарды тәрбиелеп кетті ғой.
Еш қабақ шытып, ешқандай дауыс көтермейтін жарықтық. Әкемдей қамқор болды, еркелегімізді де көтерді, талап та қоятын.
Соңғы сәтке дейін қойылымда бір сахнада ағайыммен партнёр болу бақыты бұйырды:
екі-ақ кейіпкермен шығатын моноспектакльдер қойдық» дейді ол. Сейтметов
өмірден өткен соң көп ұзамай театрға
көркемдік жетекші, режиссер болып Ерғали Сиябекұлы Оразымбетов келді.
Актриса ол кісі жайлы да жылы естеліктер:
«Ленинградта білім алған
кәсіби режиссер, жұмыс тәсілі тым
бөлек, қазақтың Мейерхольді еді шіркін» дейді. Актрисаның баяндауынша соңғы
жылдары режиссер Қуандық Қасымовпен
жұмыс істеп келеді Бұл кісімен жұмыс
істеудің өз ләззаты бар. Себебі ол сөз
емес бірінші әрекет, сосын сөз сезім, тіпті тосын жайды талап етеді. Қысқа-нұсқа түсіндіреді нәтижелі әрекетті
әртістің өзінен күтеді. Материалды
бердік, кеңестік, ендігісі өз қолыңда дейді екен. Осындай кісілерден тағлым алып,
шыңдалу, әріптес болудың өзі
бақыт қой. Шабытыма шабыт қосқан, жұмыс істеу жағымды болған режиссер
мен үшін ұстазым – Райымбек Ноғайбайұлы болды, солай қала бермек. Өмірдегі ең ұлы мотиваторым, ол
– әкем еді. (Жақында бақилық болды). Менің өнерімді бірден-бір бағалайтын, әр кішкентай жеңісіме балаша
шаттанып, шабыт беретін Әкешімнің орын
ойсырап тұр. Енді оның рухымен сырласармын,бәлкім...»
Әтіргүл ТӘШІМ, Түркістан.
sarah elena
I tried to invest my savings into forex broker’s trade during Pandemic and ever since last year December have been trying to withdraw my savings and each time i try to withdraw i’m asked to pay for fees and Tax fees, last i discovered that it was all scam and i have already lost $450,000 US dollar’s. I was referred by my bestie who know so much about the internet and he referred me to jbeespyhack @gmail com i emailed him i did as he instructed, after 32 hours of reaching out to jbeespyhack hacker i received a notification on my phone screen and it was blockchain and my funds were recovered full without stories, i am writing this because a lot of people complain of being scammed online while trying to have there funds recovered, kindly email jbeespyhack@gmail.com