Комиссия жұмысы қоғамдық-саяси өмірге серпін берді
«Гуманитарлық құндылықтарды қалыптастыру маңызды»
«Гуманитарлық құндылықтарды қалыптастыру маңызды»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Конституциялық комиссия отырыстарында Ата заңымызға қатысты көптеген
прогрессивті, инновациялық ұсыныстар берілгенін атап өтті.
«Халықтан келіп түскен ұсыныстарды жүйелеп, жинақтау үшін
Конституциялық комиссия құрылды.
Оның құрамына барлық аймақтың өкілдері мен түрлі
санаттағы азаматтар, халық қалаулылары, орталық атқарушы органдардың басшылары,
құқықтанушы ғалымдар, тіл мамандары және белсенді жастар кірді. Қоғам өкілдерін
қамту ауқымы, кәсібилік мен азаматтық жауапкершілік тұрғысынан алғанда, мұндай
комиссия елімізде бұрын-соңды болмаған деп сеніммен айтуға болады.
Комиссия жұмысы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне
тың серпін берді.
Комиссия мүшелері конституциялық реформаға қатысты
әр мәселені егжей-тегжейлі қарап, жан-жақты талқылап, ауқымды жұмыс атқарып
жатыр.
Осыған дейін Комиссияның 5 отырысы өтті. Оның бәрі әлеуметтік желіде
тікелей эфирден көрсетіліп, ақпарат құралдары арқылы кеңінен таратылды.
Мен
талқылау барысын мұқият қадағалап отырмын. Осы орайда, Ата заңымызға қатысты
көптеген прогрессивті, инновациялық ұсыныс берілді деп сеніммен айта аламын.
Түптеп келгенде мұның бәрі еліміздің Ата заңына негіз болады. Бұл
әлемде қалыптасқан қазіргі күрделі кезеңде біртұтас Қазақстан халқына бағыт
сілтейтін маңызды құжатқа айналады деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.
«Жаңа тарихи кезеңде еліміздің цифрлық дәуірге
бейімделуі жеткіліксіз. Жасанды интеллект және басқа да озық технологиялар
біздің қоғамға қызмет етуі қажет. Сондықтан даму көшінің бағытын нақты
айқындауымыз керек. Ата заңымызда адамгершілік құндылықтарды ерекшелеп, бөлек
жазу ұсынылды. Бұл да – өте маңызды.
Конституцияда гуманитарлық құндылықтарды
қалыптастыру маңызды деп санаймын. Атап айтқанда, жалпыұлттық бірегейлікті
нығайтуға, табиғатты аялауға басымдық беру жөнінде сөз қозғап отырмыз», – деді Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент егер болашақта Конституцияға қандай да
бір өзгерістер, тіпті, шағын өзгерістер енгізу керек болып жатса, ондай қадамды
тек референдум арқылы ғана жасауға болатынын айтты.
Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы.