ҮКІМЕТ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНА ТҮСТІ

Негізгі өсім көлік және құрылыс салаларында тіркелген.
Қазір әлемдегі әрбір
елге, оның ішінде Қазақстанға да әлемдік экономикалық дағдарыстан сүрінбей
өтіп, әлеуметтік ахуалды оңалту маңызды міндет болып отыр. Мұндай жағдайда ел
Үкіметі халықтың әлеуетін әлсіретпей, тығырықтан шығар жол іздейтіні айтпаса да
түсінікті.
Үкіметтің алты айдағы
жұмыс қорытындыларына арналған жиында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық
экономика министрі Серік Жұманғарин осы аралықта ел экономикасы 6,2 пайызға
өсім көрсеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, негізгі өсім көлік және құрылыс
салаларында тіркелген. Мұнан бөлек, тау кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және
өңдеу салаларында да ілгерілеу бар екені байқалады. Әрине, бұл халқымыз үшін
жағымды құбылыс. Себебі, экономикалық даму қарқын алса, халықтың да әлеуметтік
ахуалы оңала түседі.
Алмас АЙТБАЕВ,
Созақ аудандық мәслихатының
депутаты.