Кіндік шеше

«Дарақ бір жерден көгереді» дейді халық даналығы. Бір орында тапжылмай 40 жыл қызмет ету екінің бірінің маңдайына жазылмаса керек. Отырар аудандық орталық ауруханасында ұзақ жылдардан бері акушер болып жұмыс істейтін Жәмила Ерназарова туралы сөз қозғала қалса, бірінші оның нағыз жауапкершілігі мол маман екендігі айтылады.
Ол 1964 жылы сол кездегі «Овцевод» кеңшарында дүниеге келген. Зерек қыз мектепте жақсы оқыды. Әкесі Беділхан кеңшарда білікті механик еді. Ал, анасы Ақынсара Омарқызы 33 жасына дейін 8 перзентті дүниеге әкелген Ардақты ана болатын. Өкінішке қарай, ғұмыры қысқа болды. Бір дәрігердің қате қойған диагнозы салдарынан өмірден ерте өтті. Әкесінің кейінгі жары Оңласын апа бұл шаңыраққа шын мәнінде құт болып келді. Үйелмелі-сүйелмелі балаларды маңдайынан шертпей, әлпештеп өсірді, кәрі әженің де бабын жасады.
Асыл анасының қазасынан кейін Жәмила акушерлік мамандықты таңдады. Әкесі жарықтық мұғалімдік оқуға үгіттеп көріп еді, алайда, Жәмила айтқанынан қайтпады. Ауылдағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектепті ойдағыдай тәмамдап, 1 жылдай кеңшардағы құрылыс цехында қарапайым жұмысшы болып еңбек етті. Ал, 1982 жылы Түркістан медицина училищесіне оқуға түсіп, оны өте жақсы бітіріп шықты. Қазір сағым болып артта қалған сол бір ұмытылмас кезең оның әлі есінде. 1985 жылы Отырар аудандық ауруханасының перзентхана бөлімшесіне акушер болып қабылданды. Ауруханада бұрыннан қызмет атқарып келе жатқан медицина ғылымдарының кандидаты, білікті маман Мадияр Алтынбеков оның тәлімгері болды. Сонымен қатар, Роза Махатова, Жолдасбек Тұрсынбаев сияқты мықты ұстаздардың арқасында нағыз кәсіпқой маман болып қалыптасты. Жәмила бұлардан бөлек, Серік Мүсірәлиев, Жұмахан Әбдешов, Төрехан Құдайбергенов сияқты тәлімгерлерін де үлкен құрметпен атайды. Шынында да, ол кезде жыл сайын аудан бойынша 1 500-ге жуық сәби дүниеге келетін, демографиялық өсім өте жоғары еді...
1987 жылы шәуілдірлік зоотехник, өрт сөндіруші, «Казселхозтехника» өндірістік бірлестігінің білікті маманы Бақыт Манатовқа тұрмысқа шықты. Ерлі-зайыптылар бір ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Олардың барлығы жоғары білімді. Екеуі бүгінде он немеренің ата-әжесі. Жәмила Ерназарова 2017 жылы Отырар ауданы бойынша «Сала саңлағы», «Үздік акушер» атанды. Алған Құрмет грамоталары да аз емес.
Сала басшылары да, емделушілер де Жәмила Беділханқызының жұмысына дән риза. Медицина саласында 40 жылдан бері тер төгіп келе жатқан ол бірде-бір ескерту алмаған. Отырарлық акушер мыңдаған балаға кіндік шеше болды. Алайда, өз ісінің нағыз маманы осынша жылдан бері еш болмаса өз салалық министрлігінің төсбелгісін де алмапты. Сіз медальді айтасыз...
Ал, біз аурухана басшылары алдағы уақытта мұны ескереді деп ойлаймыз.
Әбдімәлік БЕЛГІБАЙ,
журналист.
polkmnoipk
Найдвартай компаниас хэрхэн зээл авсан тухай МИНИЙ МЭДЭЭЛЛИЙГ УНШИЖ УУ Намайг Германаас ирсэн Эрика Фангерау гэдэг, нөхөр маань нас барахаасаа өмнө бидэнд маш их өр үлдээсэн тул би их хэмжээний өрийг хэрхэн төлөх талаар маш их эргэлзэж, бухимдаж байсан. Нэг өдөр би интернетээр явж байхдаа Мариамаас Албакер зээлийн фирм түүнд зээл авахад хэрхэн тусалсан тухай гэрчлэлтэй таарлаа. Тиймээс би зээл хүссэн Компаниас шуудангаар 5 жилийн хугацаатай 120,000 ( albakerloanfirm@gmail.com ).Миний төлөө юу хийснийг дэлхий нийт мэдэхийг хүсч байгаа нь миний хамгийн их гайхшралыг төрүүлсэн нь миний 120,000 еврогийн зээлийг 48 цагийн дотор 2 хувийн хүүтэй баталсан юм. Одоо би нөхрийнхөө өрийг барагдуулж, хувийн амьдрал, бизнесээ эхлүүлсэн. Би тангарагаа л биелүүлсэн. Тиймээс, хэрэв та дор хаяж 2% зээл авахыг хүсч байвал Albaker зээлийн фирмтэй түүний имэйлээр холбогдоно уу ( albakerloanfirm@gmail.com )