Батысқазақстандықтар Түркістанға келді

Түркістан облысына Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов бастаған делегация арнайы іссапармен келді.
Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен өткен іссапардың мақсаты – Түркістан облысының ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерімен тәжірибе алмасу.
Осы орайда Сырым ауданының іскерлік тобы Сайрам ауданындағы «Ет Агро Манкент» ЖШС, «Kaz Eco Meat» ЖШС-іне қарасты ет комбинаттарын, «Dala Fruit» ЖШС-інің шырын шығару зауытын аралап көріп, олардың жұмыс барысымен танысты.
Бұдан бөлек, Ордабасы ауданындағы «Бөрте Милка» ЖШС-інің сүт фермасын, «JNRay» ЖШС-інің тоқыма фабрикасын және «BORTE ENGINEERING» ЖШС-іне тиесілі сүт өңдеу құрал-жабдықтарын шығаратын зауытты аралады.