“Түркістан-Самарқанд” әуе рейсі ашылды

“Түркістан-Самарқанд”
әуе рейсі өз жұмысын бастады. Астана қаласынан басталған әуе бағыты Түркістан
арқылы Самарқандқа ыңғайлы транзитпен ұшуға мүмкіндік алып отыр. Жаңа әуе рейсі
аптасына 2 рет, бейсенбі және жексенбі күндері ұшады. Билет құны бір бағытқа 23
500 теңгеден басталады.
Жаңа бағыт - Қазақстан
мен Өзбекстанға, туристік қалалар Түркістан мен Самарқандқа саяхаттауға аса
ыңғайлы болмақ. Туристер үшін ерекше мүмкіндіктер ашады. Аталған бағыттағы әуе
рейстерін “Qazaq Air” әуекомпаниясы жүзеге асырады.
Түркістан облыстық Өңірлік
коммуникациялар қызметі.