Сутекті отын ретінде сақтауға болады

Отандық ғалымдар автокөліктерді жанармаймен немесе газбен емес, атмосфераға ешқандай зиянды зат шығармайтын сутекті отынмен жүргізетін тәжірибені қолға алды. Оның әлемдік экологиялық талаптарға сай келетіні әрі тиімді екені даусыз. Дегенмен, бензинді сутекті отынмен алмастырған күннің өзінде оны сақтайтын ыдыстар зерттеуден өтіп барып, өте мұқият жасалынуы керек. Өйткені, сутек ауаға шыққан жағдайда жарылыс туындап, қоршаған орта мен адамдарға қауіп тудыруы әбден мүмкін.
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Жаратылыстану ғылымдары, технологиялар және жаңа материалдар ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары сутекті отын сақталатын цистернаға қолданылатын материалдардың құрамын ойлап тауып, жаңа қондырғыны ауыр өнеркәсіп орындарында тәжірибеден өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы газетіміздің алдағы сандарының бірінен оқисыздар.