ТЫҢ ТӘСІЛДЕР ҚАЖЕТ

Сала мамандары ел қазынасын толтырудың тың тәсілдерін қарастыру қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен  Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканың нақты секторларына қатысты бағыт-бағдары айқындалды. Президент әсіресе, салық-бюджет саясатына айрықша тоқталды. Оның айтуынша, салық саясатын реформалау бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.

-Бюджет тапшылығын ескере отырып, басты міндет ел экономикасын трансформациялау бойынша жүйелі шаралар қабылдау болып табылады және бұл жағдайда Ұлттық бюджеттік саясатқа ерекше мән берілуі керек, - деген Президентіміз мәселенің өзекті тұсына үңіліп, тапсырмаға атүсті қараған тиісті органдарға ескерту жасады.

Шындығында, бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда бюджетті үнемді жұмсау – ең өзекі мәселелердің бірі. Бюджет кодексі дұрыс жұмыс істеген жағдайда Ұлттық қордан соншалықты қаржы алынбас еді.Сондықтан сала мамандары ел қазынасын толтырудың тың тәсілдерін қарастыру қажет. Бұл ретте салық заңнамасын жетілдірудің, оны ел игілігіне пайдаланудың орны ерекше.

Ерғазы ТҮБЕКОВ,

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер

                                                                                                                                                  департаментінің бөлім басшысы.
Пікір қалдырыңыз