Жәрдемақы мөлшері өсті

Жаңа жыл жақсы жаңалықтармен басталды. Айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты 2025 жылы АЕК мөлшері 3 692 теңгеден 3 932 теңгеге дейін өсті.
Мәселен, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде зейнет­ақы көбейді. Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері де ұлғайды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға төленетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері мынадай болып белгіленді:
төрт балаға – 63 030 теңге (2024 жылы – 59 183 теңге);
бес балаға – 78 798 теңге (2024 жылы – 73 988 теңге);
алты балаға – 94 565 теңге (2024 жылы – 88 973 теңге);
жеті балаға – 110 332 теңге (2024 жылы – 103 598 теңге);
сегіз және одан да көп балаға – әр бала үшін 15 728 теңгеден (2024 жылы – 14 768 теңге) қосылды.
«Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес төрт және одан көп баласы бар, оның ішінде 23 жасқа дейін күндізгі оқу нысанында білім алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасы саналады.
Былтыр көпбалалы отбасыларға 390 млрд. теңгеге жуық жәрдем­ақы төленген болатын. Бұл қолдау отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Биыл әлеуметтік салаға 14,5 триллион теңге бөлінді. Бұл жалпы мемлекеттік бюджеттің 60 пайызын құрайды.

Әлеумет бөлімі.
Пікір қалдырыңыз