Мемлекет басшысы Азия даму банкінің еліміздің қаржы жүйесін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады

KAZINFORM. «Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысу үшін Астанаға келген Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакавамен кездесті» деп хабарлайды Ақорданың бапасөз қызметі.

Мемлекет басшысы мәртебелі мейманды Қазақстан мен Азия даму банкінің нәтижелі қарым-қатынасының 30 жылдығымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз қаржы институтымен өзара ықпалдастықтың стратегиялық сипатын, сондай-ақ, банктің ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және ұлттық қаржы жүйесін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты.
Азия даму банкі 1994-2024 жылдар аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 7 миллиард долларға жуық жобаларды қаржыландырды. Атап айтқанда, банк «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізін салуға, сондай-ақ, Ақтөбе – Қандыағаш жолын қайта жөндеуге қатысты.
Қазақстан Президенті жаңа басым бағыттар бойынша бірлескен шараларды одан әрі жалғастырудың маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанда экономиканы ырықтандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру үшін қажетті жағдай жасау жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы декарбонизациялау өзара іс-қимылдың перспективті салаларының бірі екеніне тоқталды.

1 пікір

  • Henry
    Henry

    l need a legit cryptocurrency recover specialist Lost Recovery Masters Are there any legitimate cryptocurrency recovery specialists who can assist with recovering ..Yes its Lost Recovery Masters What are some legit crypto recovery services that can be trusted? How much do they cost? What are some legit crypto recovery services that can be trusted? How much do they cost? LOST RECOVERY MASTERS I invested a lot of money to earn profits trading on BTC and lost my investments to a scam Lost Recovery Masters saved me I'm in need of crypto recovery. Who do you recommend? - Lost Recovery Masters Who is considered the best Bitcoin recovery expert? - Lost Recovery Masters What are some reputable Bitcoin recovery companies and how can one determine their legitimacy? - Lost Recovery Masters Contact them via Website: (https://lostrecoverymasters.com/) Support Email (Support@lostrecoverymasters.com)

Пікір қалдырыңыз