ТАРИХИ ҚАДАМ
Бұл — еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам болғаны даусыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика
күні өз тұғырына қайта қонды. Бұл өте орынды шешім болды, өйткені, 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның егемендігі туралы декларация
қабылданды. Бұл — еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам болғаны даусыз.
Осы орайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Мен Республика күніне ұлттық
мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күнін жыл
сайын еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. Республика күні
елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине,
Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып
қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға
тағзым күні ретінде атап өтілуі қажет» деген пікірі осынау мерекенің қадірін айшықтай түседі.
Республика күнін өзге атаулы мерекелер сияқты Шымкент қалалық
соты да елеусіз қалдырмайды. Бұл күні сот
саласында абыройлы қызмет етіп жүрген мамандарға құрмет көрсетіледі. Мұндағы
мақсат - жастар арасында патриоттық сезімді нығайтып, оларға сот саласының
үздіктерін үлгі ету.
Сонымен қатар кейінгі буынның тарихи санасын жаңғыртып, бұл күннің мәні мен
маңызын тереңірек ұғындыру қажет. Сондықтан
елдің рухани өркендеуі үшін Республика күнінің мәні өте зор дер едім.
Қайрат КЕМЕЛБЕКОВ,
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы.