САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ деген сөз бар емес пе?
HALYK LIFE «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ ның еншілес ұйымы және оның қызметі адам өмірін сақтандырумен байланысты болғандықтан үлкен жауапкершілікке ие.
Адам өмірі –ең қымбат
қазына. Бұл тіпті біздің Ата заңымызда да айшықталып көрсетілген. Бірақ сол
қымбат қазынаның бағасын біліп, оны сақтандыра алып жүрміз бе? Әр адамның
өмірге келгеннен кейінгі әрі қарай жалғасатын тағдыр жолында қандай жағдайлар
күтіп тұр, қандай жазатайым оқиғаларға тап болуы мүмкін немесе маңдайына қанша
ғұмыр жазылды? Ол‑‑ ешкім болжап біле алмайтын жұмбақ. Бірақ өмір болған соң адамның
түрлі сынаққа тап болуы әбден мүмкін. Сол сынақ, қатерлерден сақтандыратын,
өміріне, денсаулығына қолдау көрсететін, адамның қаржылық болашағын жоспарлауға
мүмкіндік беретін тамаша бағдарламалар бар екенін жалпы жұрт біле ме екен? Жоқ,
біле бермейді. Ендеше, «HALYK LIFE» АҚ Өмірді сақтандыру компаниясының халыққа ұсынатын
тиімді де пайдалы бағдарламалары жөнінде осы компанияның Шымкент қаласындағы
филиалының бас менеджері Ақбота Алжанова берген мәнді мағлұматтардан түйген
ойымызды жұртшылықпен бөліскенді жөн көрдік.
«БАЛАМ» деп елжірейді бұл жүрек
Иә, бауыр еті баласы
үшін қай ата‑ананың жүрегі елжіремесін. «Сенің табаныңа кірген шөңге менің
маңдайыма қадалсын» деп жанұшыратын ата‑ана перзентінің жолында ештеңеден
аянбайтыны да белгілі. Әрине бала болған соң ойда жоқта жазатайым жағдайға тап
болып, дене жарақатын алатын, оқыстан отқа күйіп қалатын немесе ойнап жүргенде,
яки спорттық жаттығулар кезінде қолын шығарып, аяғын сындырып дегендей, әйтеуір
тосыннан бір жерін зақымдайтын жағдайлар аз емес. Сондайда дәрі дәрмек, ем‑домға
ақша шығындап, тіпті жағдайы төмен кейбір ата‑аналардың қаржылық қиындыққа тап
болып қалатын кезі де кездеседі Ал егер баланы туғаннан жазатайым жағдайдан
сақтандырып қойса, ол ‑‑ баланың денсаулығы үшін де, ата‑ананың «қалтасы» үшін
де тиімді болмақ.
«HALYK LIFE»‑тың
«Балам» бағдарламасы Қазақстанда жақында ғана өмірге енді. Соған қарамастан
балаларын жазатайым жағдайлардан сақтандыруға ықылас танытушылар қатары көбейіп
келеді.
Бағдарламаның шарттары қандай?
"БАЛАМ»"
жазатайым оқиғалардан сақтандыру полисінің шарты бойынша бала
жазатайым оқиғадан зардап шеккен кезде ата-аналарға қаржылық қолдау көрсетіледі. Сақтандырушы ата‑ана жаңа туған сәбиден бастап
18 жасқа
дейінгі баласына компанияның сақтандыру
полисін аша алады. Ол үшін компанияның сақтандыру қорына бір бала үшін
бір жылға бар болғаны 3000 теңге құйса,
жетіп жатыр. Ал сақтандыру сомасының көлемі 1 000 000 теңге. Полис жарақаттың
жеңіл түрінен ауыр түріне дейінгі әртүрлі деңгейін қамтып, оның күрделілігіне
қарай осы қаржының есебінен баланың емделуіне өтемақы төлеуге мүмкіндік береді..
Өтемақы туралы шешім үш жұмыс күні ішінде қабылданады.
Сақтандыру қорғанысы бүкіл әлем бойынша 1
жыл бойы тәулігіне 24 сағат жарамды. Полисті бірнеше минутта оп‑оңай онлайн рәсімдеп алуға
болады.
Дегенмен,
«БАЛАМ» бағдарламасында 1 және 2 топтағы мүгедектігі
бар, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған, сондай‑ақ құқық
бұзушылық жасағаны үшін еңбекпен түзеу мекемелерінде қылмыстық жазасын өтеп
жүрген тұлғалар
сақтандыруға қабылданбайды.
Міне,
баланы жазатайым оқиғадан сақтандыратын бағдарламаның отбасы үшін де, баланың
денсаулығы үшін де қаншалықты тиімді әрі қолайлы екеніне осылай көз жеткіздік.
БІЛІМГЕ құйған капитал – болашаққа инвестиция
Ұрпақтың болашағы –
білімде. Саналы, білімді ұрпақ ‑‑мемлекеттің тірегі, ата‑ананың қуанышы. Ал
оның болашақта жоғары білім алып, білікті маман иесі атануы үшін бүгіннен қам
жасаған абзал. Ол үшін «HALYK LIFE» сақтандыру компаниясы ұсынған Bilim‑Life
бағдарламасының маңызы зор.
Жоғары оқу орнына
түсуге талаптанған жастың бәріне грант бұйыра бермесі белгілі. Ал ақылы оқуға
түсу үшін оның төлемақысына қомақты қаржы қажет. Алайда ондай мүмкіндігі жоқ
баланың ата‑анасы қайтпек? Баласының оқуы үшін қолында барын сатып немесе
банктен пәленбай пайызбен қарыз ақша алуға бел буатындар аз ба? Бұл әрине тиімді шешім емес. Сондықтан мұндай
тығырыққа тірелмеудің жолын Bilim‑Life бағдарламасынан табасыз.
Аталған бағдарламаға
сай білімге қаржыны бала туыла салысымен жинақтауға болады. Яғни ата‑ана
сақтандыру компаниясымен келісім шарт жасасып, балаға есепшот ашылады. Ондағы
жинақталған қаржы көлемі әрине салымшының келісім шарт негізінде ай сайын салып
отырған ақшасына байланысты. Негізінен болашақта баланың қандай оқу орнына,
қандай мамандыққа түсетінін алдын ала болжап алатын болса, ЖОО‑дағы білім
бағасының жыл сайын өсетінін ескере отырып, соған лайықты қаржыны жинақтаған
абзал. Сонда бала мектеп бітіргенше сақтандыру қорында оның оқуына төленетін
қомақты қаражат топталып тұрады. Сонымен бірге бұл сомаға сақтандыру
компаниясынан жинақтаудың бүкіл мерзіміне 8 пайыз кепілдендірілген сыйақы мен
мемлекет тарапынан берілетін жыл сайынғы 5 немесе 7 пайыз сыйақы қосылады. 7
пайыздық сыйақы жетім балаларға, ата‑анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға,
мүгедектер мен көп балалы отбасылардан шыққан балаларға тиесілі. Ал 5 пайыздық
сыйақы‑‑ басқа санаттағы отбасылардың балаларына есептеледі.
Бала туылғаннан
бастап мектеп бітіргенше, яғни 16‑17 жыл бойы «Білімге» ай сайын айталық, 10 000
теңгеден ақша салу жеткіліксіз болса, келесі
жылдан бастап ата‑ана оның сомасын өзгертіп, көбейтуіне болады.
Сақтандыру қорына қаржы құю үш жылдан кем болмауы керек.
«Bilim‑Life»‑қа
жиналған капиталдың бір жағымды жағы, егер бала арнайы немесе жоғары оқу орнына
грантпен қабылданған болса, жинақталған ақшаны мемлекеттің және сақтандыру
компаниясының тиісті пайыздық сыйақыларымен қоса шешіп алып, қалаған мақсатына
жұмсауына болады. Болмаса ол ақшаны ата‑ана келесі баласының
атына ауыстыра алады. Яки білім деңгейін өсіріп, магистратураға немесе аспирантураға түсетін болса, сол
мақсатқа пайдалану да өз еркінде.
Жинақталған қаржымен
бала өз елімізде де, шетелде де білім ала алады. Ал егер келісім‑шарт мерзімі
аяқталғанда жинақталған қаржыны оқуға пайдаланбаймын десе, оны өзінің қажетіне
шешіп алуға құқылы. Бірақ мұндай жағдайда мемлекеттік сыйақы қосылмайды, Компанияның
пайызымен алу мүмкіндігі бар.
Бұл бағдарламаның тағы
бір артықшылығы ‑‑ білімге жинақтау мен салымшының өмірін сақтандыру біргелікте
жүреді. Егер шарт мерзімінде сақтандырылушы адам өмірден өтіп кетсе немесе
мүгедектік орын алса, төленбей қалған жарналар шарт мерзімі аяқталға дейін HALYK
LIFE есебінен жүзеге асырылады.
Білімге құйған
капитал – болашаққа салынған инвестиция екенін осыдан‑ақ біле беріңіз!
«БОЛАШАҚ»
пен «БӘЙТЕРЕК»
өміріңді сақтандыру үшін керек
Біз
автокөлігімізді, баспанамызды немесе мүлкімізді сақтандырамыз. Бірақ сол
материалдық игіліктің иесі ‑‑ адам өз
өмірін сақтандыруды біле бермейді. Өмір деген теп‑тегіс даңғыл жол емес.
Тіршіліктің мың бұралаң қалтарысында түрлі тосын жағдайға, жазатайым оқиғаға
тап болу қалыпты құбылыс. Түрлі жағдайда аяқ астынан құлап, түрлі жарақат алу,
спорттық жаттығу, жарыс кезінде кенеттен зардап шегу, күйік шалу, көлік апатына
ұшырау... Толып жатыр ғой осындай жазатайым оқиғалар. Мұндай жағдайда денсаулығыңыз
үшін, өміріңіздің қауіпсіздігі үшін амал жоқ, шығынға түсесіз. Қалтаңыз
көтермесе, біреуден қарыз сұрайсыз, банктен несие аласыз. Солай ғой?
Ал егер, «HALYK LIFE» сақтандыру компаниясының «БОЛАШАҚ» немесе
«БӘЙТЕРЕК» полисінің иесі болсаңыз, бұл қиындықтардан ойланбай құтыласыз.
Өйткені сіздің өміріңізді сақтандырған
компания барлық шығынды өз мойнына алады.
«БОЛАШАҚ» бағдарламасы
адам өмірін 18 жастан 65 жасқа дейін сақтандыруға кепілдік береді. Сақтандырушы
тұлға компаниямен жасалатын келісім‑шартта сақтандыру мерзімін, сақтандыру
жарнасының көлемін, төлем жиілігін (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда немесе
жылына бір рет) өзі белгілейді. Клиенттің өмірін сақтандыруға 10 немесе 15
жылға келісім‑шарт жасалса, компания әр жылға 1 млн ‑ 1,5 млн. тенге
қарастырады. Сақтандырылушы тұлғаға жарақатының күрделілігіне қарай белгіленген
кесте бойынша төлем жасалады. Егер клиент бірден бірнеше жарақат алса, оның
әрқайсысына жеке‑жеке төлемақы беріледі. Сондай‑ақ бір жыл ішінде бірнеше
жазатайым жағдайға ұшыраса, оның әрқайсысының емі үшін қажетті қаржыны компания төлейді. Міне,
осылай клиенттің өмірін сақтандыруды компания өз мойнына алады.
Бізбен сұхбат құрған
компанияның бас менеджері Ақбота Алжанова «Болашақ» бағдарламасымен өмірі
сақтандырылған 14 жасар ұлының
электросамокаттан құлап, аяғын сындырып алғанда компания есебінен 150 000
тенге төлем жасалғанын мысал етті. Мұндай мысалдар көп. Былайша айтқанда
компания адам өмірін де, оның қаржылық жағдайын да қорғайды. Қалай ойлайсыз,
тиімді емес пе?!
Егер өмірі белгілі
мерзімге сақтандырылған тұлға ай сайын келісілген жарнаны құйып отырса,
сақтандыру мерзімі аяқталғанда жиналған қаржыға компания есебінен кепілдендірілген
пайыз бен дивиденд қосылып, салымшы қомақталған қаржыға ие болады.
Ал енді, мына
жағдайға көңіл бөліңіз. Өмір бар жерде өлім бар. «Болашақ» бағдарламасында
өмірі сақтандырылған тұлғаға келісім шартта мұрагер белгіленеді. Мәселен, өмірін
сақтандыру үшін 15 жылға (мүмкін 10 жыл) келісім шарт жасасқан адам үш‑төрт жыл
жарнасын құйып, одан соң қайтыс болып кетсе, компания қалған жылдардың жинап
үлгермеген қаржысын өз есебінен өтеп, мұрагерге бір ай ішінде төлеп береді.
«Бәйтеректе»
салымшы мұрагер қоюы да, қоймауы да мүмкін. Егер мұрагер қойылмаған жағдайда,
өмірі сақтандырылған адам уақыты жетпей қайтыс болып кетсе, нотариустен
мұрагерлік шыққан соң, мұрагер болып танылған адамға клиенттің жинап үлгермеген
ақшасын компания толығымен өтеп береді.
Бұл бағдарламада отбасының кез‑келген мүшесінің
өмірін 2 жастан 65 жасқа дейін
сақтандыруға болады.
«ХАЛЫҚ‑ҚАЗЫНА» ‑‑табыстылық
кепілі
Кез‑келген
адам алдына мақсат қояды. Ал ол мақсатқа жетудің бір жолы – қаржылық қор
жасақтау. Ол үшін болашаққа құрған сенімді жоспар болу керек. «ХАЛЫҚ‑ҚАЗЫНА» сол жоспардың табысты кепілі.
Бұл
бағдарлама долларлық депозиттің аналогы. Сақтандыру мерзімі 2 жылдан 20 жылға дейін. Ең бастысы – аталған
бағдарламада долларлық депозидтің көрсеткіші жыл өткен сайын жоғарылай береді. Ол
екі жылға 2,5 пайыздан басталып, 20 жылда 4,2 пайызға көтеріледі. Ал басқа
банктерде жылдық көрсеткіш 0,8-1 пайыз аралығында. Құйылатын ең аз сома 1000
доллардан басталады. Ол ҚР ҰБ белгілеген АҚШ долларының теңгеге шаққандағы
ресми бағамымен есептеледі. Және қаржы бір рет қана салынады. Мәселен, салымшы бірден 20 мың доллар салып,
мерзімін өзі анықтайды. Бұл жерде жазатайым жағдайдан сақтандыру жоқ, бірақ
клиент қандай себеппен қайтыс болса да оған бүкіл сақтандыру мерзіміне
инвестициялық табыс сомасын қоса
есептегендегі сақтандыру сомасы төленеді. Клиент сақтандыру мерзімін аман есен
аяқтағанда да дәл осылай төлем жасалады. Сонымен қатар салымшы жазатайым жағдайдан
болған өлім деген қосымшаны таңдауына да болады. Егер осындай жағдай орын алса,
мұрагері 20 мың доллар емес, 40 мың доллар, яғни қаржыны екі есе ұлғайған
көлемде теңге бағамымен алады. Қажет болған жағдайда келісім‑шартты екі айдан
кейін бұзып, сол уақыттағы курс бағамымен қаржысын қайтарып алу мүмкіндігі де
бар.
Қалай
болғанда да өмірін сақтандырған салымшы ештеңеден ұтылмайды.
HALYK
LIFE: артықшылығы неде?
Артықшылығы
аз емес. Біріншіден, компанияның
барлық бағдарламалары үшінші тұлғалардан қорғалады. Яғни арестке қойылмайды,
мүлікті кәмпескелеуге, мүлікті бөлуге жатпайды. Ол клиенттің өзіне ғана тиесілі
болады.
Екіншіден,
сақтандыру компаниясы жинақталған қаржыны толық қайтарады. Салынған қаржы толығымен
қорғаныста болады.
Үшіншіден, компаниямен шартқа отырған клиент 2‑ 3 жыл тұрақты салымшы
болса, 11,8 пайызбен заем ала алады. Ал банктерде несие 27‑ 30 пайызбен беріледі. Міне, салыстырып көріңіз!
Төртіншіден, HALYK LIFE «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ‑ның еншілес ұйымы және оның
қызметі адам өмірін сақтандырумен байланысты болғандықтан үлкен жауапкершілікке
ие. Сондықтан ұйымның сақтандыру тәуекелі Германиядағы әлем бойынша сақтандыру
компанияларымен жұмыс істейтін ең ірі General Re компаниясы арқылы қосымша
сақтандырылады.
Бесіншіден, HALYK LIFE Қазақстанда өмірді сақтандыру компаниялары арасында ең жоғарғы
көрсеткішке ие.
Алтыншыдан, өмірді сақтандыру нарығында ең ұзақ, яғни 19 жылдық тәжірибесі бар
компания.
Жетіншіден, Сақтандыру
қорғанысы бүкіл әлем бойынша шарт ашылған мерзімге 24/7 жүзеге асырылады.
P.S. «Денсаулық‑‑
байлықтан қымбат» деген екен американдық жазушы Джон Рей. Ал денсаулық ‑‑
өмірдің кепілі. Әр адам өзінің денсаулығы мен өміріне қорған болатын бекініс
іздесе, оны HALYK LIFE‑ тан табады. Сеніңіздер!
Асхан МАЙЛЫБАЕВА,
Қазақстанның Құрметті журналисі.