Жастар шын мықтыны анықтады
Қаратау тәжіндегі кенді қалаға қарасты екі мың жылдық тарихы бар Қарнақ ауылының жастары таяуда білім мен ой сананы дамытуға мүмкіндік беретін өнер сайысын өткізді.
Игі іс-шара «Бірлігіміз жарасқан!» атты тақырыпта ұйымдастырылды. Білім сайысын қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова ашып, барша қатысушыға сәттілік тіледі.
Ұлттар мен ұлыстар татулығын насихаттау, ел бірлігін паш ету мақсатында өткен сайысқа Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдардың тұрғындары, әртүрлі сала мамандарынан құралған 12 топ қатысты.
«Бірлігіміз жарасқан!» атты интеллектуалдық ойынға қатысушылар өз топтарының атауы мен ұрандарын қысқаша таныстырып, мақал-мәтел айтудан сынға түсті, салт-дәстүрге қатысты, музыкалық және логикалық сұрақтар бойынша 5 кезеңде шын мықтыны анықтады.
Қызықты да тартысты өткен бәсекеде ІІІ орын «Тұран» командасына бұйырса, ІІ орынға «Алау» командасы лайық деп танылды. І орынды «Шабыт» командасы қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.