«Бес бағыт белеске шығарады деген үміт бар»
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының негізгі міндеттері – жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету, басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Осыған орай жуырда басқарма басшысы Нұржігіт Мырзахметовпен жүздесіп, өткен жылы және осы жылдың алғашқы 6 айында атқарылған жұмыстар жөнінде әңгімелескен едік.
– Нұржігіт Назарбекұлы, бүгінгі таңда Түркістан облысына инвестиция тарту мәселесі – бірінші орында тұрған міндеттердің бірі. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– 2023 жылы өңірге 972 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды. Ал, биыл бұл көрсеткішті 1 трлн. 133,8 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Алғашқы жартыжылдықта оның 420,8 млрд. теңгесі орындалды. Одан бөлек, биыл өңір экономикасына салынатын тікелей шетелдік инвестициялар көлемін 467 млн. АҚШ долларына жеткізу көзделіп, I тоқсанда 89,1 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Өткен жылы облыс аумағында жалпы құны 126,8 млрд. теңгені құрайтын 56 инвестициялық жоба іске қосылып, 2 140 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобалар агроөнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, туризм, энергетика, білім, денсаулық сақтау салаларында жүзеге асырылуда. Биыл жалпы құны 150 млрд. теңгені құрайтын 61 жоба іске асырылып, 2300-ден аса жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Бүгінге дейін олардың 15-і іске қосылып, 600-ден аса жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, 2024-2027 жылдар аралығында жалпы құны 2,2 трлн. теңгені құрайтын 145 инвестициялық жоба іске асырылып, 18 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
Сондай-ақ, облыста жалпы құны 1,7 трлн. теңгені құрайтын ТОП-20 ірі инвестициялық жобалардың тізбесі жасақталған. Олар – «ПГУ Туркестан» ЖШС іске асыратын бу-газ қондырғысы, «Ocean Energy Company» ЖШС-нің ГЭС-і, «Састөбе Инновациялық кешені» ЖШС-нің каустикалық сода, ПВХ, цемент, карбид және әк шығару зауыты, «Созақ Фосфат» ЖШС-нің фосфорит кендерін өңдеу зауыты, «Standard Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауыты, «Стандарт Пауэр» ЖШС-нің газ-электростансасы, «Казатомпром» ҰАК» АҚ-ның күкірт қышқылын өндіру зауыты, «КАТКО Қазақстан–Франция БК» ЖШС-нің уран өндіру кешені, «Казкрахмал» ЖШС-нің жүгеріні терең өңдеу зауыты, «GLOBAL TEXTILE» ЖШС-нің мақта-мата кәсіпорны, «Nurym Group» ЖШС-нің ірі қара мал етін және қалдықтарын терең өңдеу зауыты, украиналық «UBC Group» компаниясының мұздатқыш шығару зауыты, «Beibars-Bottlers» ЖШС-нің ауызсу және түрлі-түсті сусындарды шығару зауыты, «KAZPLAST» ЖШС-нің тігін фабрикасы, «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС-нің қызанақ өсіретін жылыжай кешені, «Nurym Group» ЖШС-нің заманауи мал базары, «TURKESTAN AGRO.KZ» ЖШС-нің мал бордақылау кешені, «Корпорация «ERNUR» ЖШС-нің жұмыртқа және құрама жем өндіретін зауыты, «MEAT MAGNAT» ЖШС-нің мал сою цехы, бордақылау базасы, салқындатылған қоймалар, тоңазытқыш камералар және етті қайта өңдеу зауыты, сонымен бірге «Gen Group Kazakhstan» ЖШС-нің өнеркәсіптік жылыжайы.
– Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасы, Түркия және Оңтүстік Кореяға барып, іскерлік байланысты нығайтып қайтты. Осы іссапарлар қандай нәтиже беруде?
– Былтыр Қытай Халық Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту, өндіріс орындарымен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында іссапарлар ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде бірқатар бірлескен инвестициялық жобалар нақтыланып, бүгінде оларды жүзеге асыру жұмыстары атқарылуда. Аталған инвестициялық жобалардың есебінен өңір экономикасына шамамен 1,1 трлн. теңге инвестиция бағытталады деп болжанған. Атап айтқанда, шұлық шығару, мақта шитін өңдеу, сұрыптау, полиэтилен пленкаларын шығару, тамшылатып суару жабдықтарын өндіру, ауыл шаруашылығы техникаларын шығару зауыттары, тоқыма кластері, күн және жел электростансасы сынды жобалар бар. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Нақтырақ айтсақ, Қытай Халық Республикасына жасалған іссапардың нәтижесінде «Шангси Джонгчанг Груп» 5 жұлдызды қонақүй, бизнес орталық және аквапарк құрылысы бойынша облыс әкімімен кездесіп, қазіргі уақытта жобаның эскиздік жобасын әзірлеп жатыр және С5 визасын алу бойынша қажетті құжаттарды жинақтауда. Түркия Республикасына жасалған іссапар нәтижесінде өңірімізге «Акплас» тамшылатып және жаңбырлатып суару техникаларын шығаратын зауыттың өкілі келді. Біздің тарапымыздан облыстың инвестициялық әлеуеті таныстырылып, Отырар ауданының және Арыс қаласының шаруаларымен кездесу ұйымдастырылды. Тамшылатып және жаңбырлатып суару техникаларын шығаруды егжей-тегжейлі талқылау үшін жуырда өңірімізге инвестор іссапармен келеді. Одан бөлек, тамшылатып және жаңбырлатып суару техникаларын шығаратын «Эржанлар пластик»; ауыл шаруашылығы техникаларының бөлшектерін шығаратын «Фрэй Френ»; тыңайтқыштар шығаратын «ЭЗЖ Агро» зауыттарының өкілдері де облысқа іссапармен келеді деп күтілуде. Ал, Оңтүстік Корея Республикасына жасалған іссапар аясында облыс әкімінің төрағалығымен «Дусан Энербилити» жол-құрылыс техникасын шығаратын компаниясының вице-президенті Ким Чон Гванмен және «Донг Сунг» фармацевтикалық компаниясының бас директоры Ян Гу Лимен кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 2024 жылдың 12 маусымында Кореядағы «KITA» халықаралық сауда қауымдастығымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
– Өңірге инвестор көптеп тартылса, демек, инвестициялық алаңдар мен өндірістік аймақтардың қызметін жақсарту керек. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Қазіргі уақытта облыста көлемі 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және 580 гектар жерді алып жатқан 3 өнеркәсіптік, яғни арнайы экономикалық аймақ бар. Мысалы, «ТҰРАН» көпфункционалды арнайы экономикалық аймағы 2018 жылдың соңында құрылды және оның қатысушыларына салықтан босату, кедендік жеңілдіктер, инфрақұрылымы бар жер телімдері және ерекше құқықтық режим ұсынылады. Бұл аймақтарда құны 37 млрд. теңгені құрайтын 49 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 106,2 млрд. теңгеге 39 жобаның құрылысы жүргізіліп, жүзеге асыру сатысында тұр. Ал, шағын өндірістік парк аумағында 42 өндірістік ғимарат салынуда. Өндірістік парктің бірінші кезеңі аяқталып, 14 ғимарат жұмыс істеп тұр. Жалпы, 30,7 млрд. теңгеге 10 жобаны іске қосу жоспарланып, 24,2 млрд. теңгеге 7 жоба іске қосылған. Олардың қатарында тоңазытқыш шығаратын «UBC Group», әскери шатыр және жиһаз шығаратын «Aqniet Holding», жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» компаниялары бар. Өндірістік парктің екінші және үшінші кезеңдері бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ол осы жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады. Бұл аймақтарда құны 70 млрд. теңгеден асатын инвестициялық өндіріс орындарын ашу жоспарланған.
– Өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі, шағын және орта кәсіпкерлік салаларында қандай жұмыстар атқарылды?
– 2023 жылы өнеркәсіп саласындағы көрсеткіш 1 трлн. теңгеге жетсе, өңдеу өнеркәсібінде 437,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ал, биыл өнеркәсіп саласындағы өнім көлемін 1 трлн. 120 млрд. теңгеге және өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемін 510,0 млрд. теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сәйкесінше, алғашқы алты айда 551,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіші 253,1 млрд. теңгені құрады. Осы орайда былтыр өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы құны 30,2 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске қосылып, 600-ге жуық жұмыс орны ашылғанын айта кету керек. Ал, биыл жалпы құны 22,0 млрд. теңгені құрайтын 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, 6 айда оның жетеуі іске қосылып, 250-ге тарта жаңа жұмыс орны ашылды.
Бүгінгі таңда өңірде 206 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысаны жұмыс істеп тұр. Бұл көрсеткіш бойынша облыс Алматы және Астана қалаларынан кейін республикада
3-орынға жайғасқан. Сәйкесінше, былтыр кәсіпорындарда өндірілген өнім көлемі 1,9 трлн. теңгеге жетіп, 24 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Қазіргі уақытта 290 мыңға жуық түркістандық бизнес саласында жұмыс істеп жатыр. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада үшінші сатыға тұрақтады. Сонымен қатар, бизнес өкілдеріне «Бизнестің жол картасы–2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, кепілдік беру және гранттар ұсыну бойынша қолдаулар көрсетіліп келеді. Мәселен, бір ғана несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін бюджеттен 15,1 млрд. теңге қаралса, оның 13 млрд. теңгесі республикалық бюджет есебінен бөлінді. Одан бөлек, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ филиалы, II деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарымен бірлесіп, жыл басынан бері несиелендіруді қажет ететін жобалардың пулы жасақталып, 6 айда 443 жобаға
47,1 млрд. теңге қаралды. Алдағы уақытта несиелендіруді қажет ететін жобалардың санын көбейтіп, сүйемелдеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл тұрғыда бағдарламалар аясында бағыт беру, кәсіпкерлікпен айналысу, қаржылай қолдау бағдарламаларын пайдалану және бизнес жоспар әзірлеуге көмектесу бағытында басқармаға қарасты «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» жұмыс істеуде. Орталық кәсіпкерлерге және кәсіпкерлікке келуге ниетті жандарға тегін қызмет көрсетеді. Оның барлық аудан және қала орталықтарында филиалдары ашылған. Өңірдегі кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету
3 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Соның ішінде ірі жобаларға қолдау көрсету «Бәйтерек» холдингіне қарасты қаржы институттары арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингінде құны 600,7 млрд. теңгені құрайтын 12 инвестициялық жоба басшыларының өтініштері қаралуда.
– Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жеткілікті ме? Баға саясаты қалай жүргізіліп жатыр?
– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі соңғы аптада 99,9 пайызды құраса, жалпы жыл басынан бері баға 2,2 пайызға төмендеп, әзірге өңірлер арасында үшінші орында тұрмыз. Осы маусым айында инфляция 6,7 пайызды құрап, республикада екінші орынға тұрақтадық. Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында құны 7,2 млрд. теңгені құрайтын 28 мың тонна азық-түлік қоры бар. Облыс көлемінде бағаны негізсіз көтермеу, сауда үстемесін асырмау, өндірушіден сауда нүктесіне дейінгі баға тізбегін қарау бойынша «Делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия» жұмыс істейді. Жыл басынан бері комиссияның 53 отырысы өткізіліп, ӘМАТ-қа жататын нарықтың 105 субъектісіне қатысты шаралар қабылданды. Нәтижесінде бағалар қалыпқа келтірілді. Азық-түлік тауарларының бағасын қолжетімді ету үшін облыста 36 әлеуметтік дүкен қызмет етеді және қосымша 14 дүкен іске қосылғалы тұр.
– Жер қойнауындағы ресурстарды қалай пайдаланылып жатыр? Жер астындағы ел қазынасын оңды-солды пайдаланғандарға тосқауыл бола ма?
– Бүгінгі таңда облысымызда кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 195 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Олардың 84-і келісімшарт және 111-і лицензия негізінде жұмыс істейді. Маркшейдер мамандарымен бірге облыстағы 100 жер қойнауын пайдаланушының өндіріс аумақтарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде 63 кен аумағынан кемшілік анықталды. Соның ішінде 14 жер қойнауын пайдаланушы өз еріктерімен облыстық бюджетке 9,2 млн. теңге көлемінде залал шығындарын төледі және жер қойнауын өндіру аумақтарынан тыс қазылған жерлерді қайта қалпына келтіру бойынша кепілхат берді. Ал, маркшейдер қорытындысымен келіспеген 37 жер қойнауын пайдаланушыға қатысты экономикалық сотқа талап-арыз жолданды. Оның ішінде 2 іс бойынша медиациялық келісім жасалып, залал шығындарын өтеуге және жерін қайта қалпына келтіруге міндеттеме берілді. Қалған істер бойынша сот процестері жалғасып жатыр. Одан бөлек, Оңтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаментінің хатына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылардың ЛКШ есептеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде лицензиялық және келісімшарттық міндеттемелерін толық орындамағандарға кемшіліктерді жою үшін үш ай мерзім беріліп, 96 ескерту хаты жолданды. Ал, 2022-2023 жылғы мерзімінен бұрын тоқтатылған бес келісімшарттық аумақтағы жер қойнауын пайдалану салдары жойылып, тиісті акт түзіліп, жер телімдері мемлекет қорына қайтарылды. Сонымен қатар мерзімінен бұрын тоқтатылған үш келісімшарттық аумақтың жерін қалпына келтіруді міндеттеу үшін сотқа талап-арыз жолданды. Екі талап- арыз бойынша жерді қалпына келтіруді міндеттеу шешімі шықса, бір талап-
арыз сотта қаралуда.
2024 жылдың 28 мамырында облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиналыста «Түркістан облысы аумағында заңсыз жер қойнауының алдын алу бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін аудан, қалаларда 272 рейд жүргізіліп, айып тұрағына қойылған 218 жүк көлігіне 19 110 900 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күрес бойынша мобильді топтың жұмысы да жіті бақылауға алынған. Одан бөлек, 2024 жылдың 12 шілдесінде облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу мақсатында құзырлы органдар аудан, қала әкімдіктерімен бірлескен мәжіліс өткізді. Ол жиында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, полиция департаменті және аудан, қала әкімдіктері атқарған жұмыстар тыңдалды. Нәтижесінде жұмысты жандандыру үшін бірқатар тапсырмалар беріліп, хаттама түзілді. Осыдан 2 жыл бұрын «инвестиция және экспорт» басқармасы мен «кәсіпкерлік және сауда» басқармасының бірігуі нәтижесінде құрылған басқарманың 29 қызметкерден тұратын ұжымы өнеркәсіп, экспорт және инвестиция, сауда, кәсіпкерлік және жер қойнауын пайдалану бағыттары бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Аталған бес бағытты бес саусағымыздай білеміз деп ойлаймын. Алдағы уақытта да жұмысты жандандырмасақ, қарқынды бәсеңдетпейміз.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан
Бауыржан ЕРМАН, «Оңтүстік Қазақстан».