«Достық үйінде» құрылыс қарқынды жүруде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Түркістанда «Достық үйі» салынуда. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды кешегі сейсенбіде «Жаңа қала» аумағын жаяу аралап, аталған ғимараттың құрылыс жұмыстарын көрді.
Бүгінде ғимараттың кірпіші қаланып, сыртқы инженерлік желілері толық жүргізілген. Облыс әкімі нысанның сапасы мен сәні үйлесім тауып, уақтылы берілуі керек екенін айтып, мердігерге нақты тапсырмалар берді.
Жаңа үлгідегі «Достық үйі» ғимаратының жалпы алаңы – 3912,29 шаршы метр. Этносаралық татулықтың ұйытқысына айналатын жаңа ғимараттың құрылысы биыл күзде толық аяқталады деп жоспарланған. Жоба бойынша ғимарат төрт қабаттан тұрады, мұнда мәжіліс залы, түрлі этнос өкілдерінің орталықтары орналасады.
Одан кейін облыс әкімі Түркістандағы «Жаңа қала» аумағында салынып жатқан «Жайлы мектептің» құрылысын аралап көрді. Бұл білім ұясы биыл күзде пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Нысанда құрылыс қарқынды жүруде. Өңір басшысы жауапты мекемелер мен мердігер компания басшылығына жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді
тапсырды. Бұл білім ұясында оқушылар мен ұстаздарға өте қолайлы жағдай жасалмақ.
Айта кетейік, Түркістан облысында екі жылда 63 «Жайлы мектеп» салынады. Оның 29-ы биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған.