Бүлдіршіннің саусақтарын қайта жалғап берді
Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері саусағын еттартқыш шайнап кеткен бүлдіршінге бірнеше күрделі ота жасады. Қолы қатты зақымданған үш жасар қыз бес айдан бері ауруханада ем қабылдауда.
Оқыс жағдай осы жылғы наурыз айында болған. Белгілі болғанындай, зардап шеккен бала ас үйде жүргенде электронды еттартқыш қолын тартып кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, науқас ауруханаға қолы еттартқышқа кептелген күйінде жеткізілді. Саусақтарын еттартқыш шайнап кеткен бүлдіршінді дәрігерлер Сайрам ауданынан облыстық балалар ауруханасына санавиация арқылы жеткізген.
Білікті дәрігерлер Ғалым Байтөре мен Нұрлыбек Оралбаев бүлдіршінге нэкректомия және тері алмастыру отасын жасап, зақымданған саусақтарын хирургиялық жолмен қайта қалпына келтіріп берді.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.