Шақпақ баба қыста қауіпсіз...

Биыл автожол саласында бірнеше маңызды жобаны жүзеге асыру көзделген. Солардың бірі облысымыздың Шақпақ баба асуындағы Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі (840 м) осы тамыз айында пайдалануға беріледі. Тоннельдің ашылуы қыс мезгілінде жүргізушілерге қиналмай жүруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев баяндады.