Қаратау етегінде қоныс тойдан қоныс той

Кентау қаласында 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бүгінгі таңда 3 қабатты үйдің кірпіштері қаланып, 1,2-қабаттың электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Нысан биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Таяуда аталған тұрғын үйдің құрылысын қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов аралап көрді. Жауапты мекемеге құрылысты уақтылы жүргізіп, сапасына мән беру керектігін ескертті.
Сонымен қатар, Ш.Уәлиханов көшесінде «Сами Строим» ЖШС 3 қабатты 30 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде.
Айта кетейік, қала бойынша бүгінгі таңда мемлекеттік тұрғын үй кезегіне 4856 азамат тіркелген. 2018-2024 жылдар аралығында кезекте тұрған 1057 азаматқа мемлекет тарапынан пәтер берілді.
Пікір қалдырыңыз