Ойын алаңшалары көбейіп жатыр

Кентау қаласында балалар ойын алаңшалары көптеп салынуда. Атап айтқанда, олар Шүлембаев көшесі 8, 10 үйлерінің Т.Рысқұлов көшесі 5, 7, 9 үйлерінің және «Шахтерская» көшелерінің аумағына салынуда. Құрылыс жұмыстарын қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланған.
Бұдан бөлек, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 120,7 млн. теңгеге көпқабатты 2 тұрғын үйдің ауласына балаларға арналған спорттық ойын алаңшалары орнатылады. Сонымен қатар, қала аумағында көпқабатты 9 тұрғын үй ауласына асфальт жабындысын төсеу және автотұрақтар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, биыл Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында демеушілер есебінен 2 балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.
Жалпы, Кентау қаласында көпқабатты 56 тұрғын үй бар. Оның ішінде, көпқабатты 33 тұрғын үйдің ауласына асфальт төсеу, балалар ойын алаңшаларын салу және абаттандыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Аталған жұмыстардың сметалық құны – 2,8 млрд. тенге. Ол үшін республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз