Ата кәсіпті жалғастырып келеді
Ауыл шаруашылығын, шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту ел экономикасының қозғаушы күші болып табылады. «Кәсіп
түбі – нәсіп» демекші, түрлі салада еңбек етіп, табыс тауып жатқан шаруалар
бар. Ауданда мал шаруашылығымен қатар жеміс-жидек пен көкөніс өсіру де қолға
алынған. Кәсіпкерлердің аудандық, облыстық, тіпті халықаралық деңгейдегі
фестивальдарда бой көрсетуін – елдегі агробизнес саласына қосылған үлес деп
атауға болады. Түрлі бизнес жобаларда жеңімпаз атанып, қаржылай инвестиция ұтып
алып жатқан кәсіпкерлер де бар.
Атадан қалған кәсібін
қолға алып, төрт түлік мал өсіруді кәсіпке айналдырған Досымхан Есмұрзаев елдің әлеуметтік әлеуетіне
де көп үлес қосып жүрген жандардың бірі.
– Бұл кәсіп
ата-бабадан қалған асыл мұра, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүр.
Қазақ ешқашан малсыз болмаған. Төрт түлік мал қазақтың ырыс-несібесінің
түпқазығы. Түгін тартсаң май шығатын Қазығұрт жерінің топырағы шаруаға қолайлы,
қойнауы малға жайлы. Осы ен далада малымыз мыңғырып, үйір-үйір жылқы айдасақ керемет
емес пе? Мемлекетіміз қолдап, шағын және орта бизнесті дамытуда көптеген
жеңілдіктер жасалып, көмек беріліп жатыр. Кәсіпкерге тек ерінбей еңбек етіп,
істің көзін табу керек» дейді Досымхан Коғабайұлы.
Атадан қалған
аманатқа адал болып, кәсібін өрге домалатып жүрген кәсіпкер қазақы ақбас қой
мен асыл тұқымды жылқы баптайды. Сонымен қатар қоғамдық шараларғада белсене
атсалысады. Әлеуметтік жағдайы төмен, қаржылық көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын
созып келеді.
Ата кәсіпке адалдық
танытып келе жатқан Досымхандай азаматтар көп болса, ел экономикасының еңсесі
көтерілері сөзсіз.
Динара
ҚОҒАБАЙ,
М.Әуезов
атындағы ОҚУ-дың студенті.