Бәйдібекке «Пейіш» келді

Қырғыз режиссері Руслан Акуповтың «Пейіш» атты фильмі – көрермендер тарапынан лайықты бағасын алған кинотуындылардың бірі. Жаңа туынды облысымыздың бірқатар қалалары мен аудандарында көрсетілді. Міне, енді «Пейіш» Бәйдібек ауданының көрермендеріне жол тартты. Фильмде басты рөлдерді Эмиль Эсеналиев пен Қырғызстанның халық әртісі Анаркүл Назарқұлова сомдайды.
Аталған фильмнің идеясы өзекті де терең. Бүгінде адами қатынастар неге құлдырап кетті? Мына озбырлық озып тұрған алмағайып заманда адамдар мейірімді қайдан табады? Жаратқан жер бетіне ғажайып табиғат, ғажап ғұмыр жіберді емес пе?! Бірақ, адамдар Алланың берген сол нығметтерінен неге қашады? Неге жаратылыс заңына қарсы? Міне, қырғыз ағайындар бұл фильмде осы сауалдарға жауап іздейді.
«Конгресс холл» көпсалалы кешені» МКҚК-нің ұйымдастыруымен «Пейіш» фильмінің актерлері Түркістанда болып, аталмыш дүниені тамашалады. Кәсіпорын директоры Асқар Кенехан қонақтарға құрмет көрсетіп, иықтарына шапан, қамзол жапты. Мұнан соң олар Бәйдібек ауданының орталығы – Шаян ауылындағы Мәдениет үйінде «Пейіш» фильмін екі рет көрсетті. 500 орынды Мәдениет үйінің залы екі ретте де көрермендерге лық толды.
Кездесуде қырғыз бауырларға сый-сияпат жасалды. Фильмнің Қазақстандағы атқарушы продюсері Саламат Исабаев пен Арсен Рысқұлов сөз сөйлеп, ыстық ықыласпен қарсы алған түркістандықтарға алғыс айтты.
С.ДӘНІҚҰЛҰЛЫ.